Қызылордада есептегі сотталғандар SMM маманы курсына қатысты
Бүгін Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен, «Жастар одақтары» ҚБ-нің ұйымдастыруымен ауданның жұмыссыз жастары мен пробация бақылауындағы жастарға өмірге қажетті дағдыларды үйрету мақсатында қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды. Курс аясында жастарға бүгінгі күні нарықта үлкен маңызға ие болып табылатын СММ дағдылары, Таргет, Мобилография бойынша кең көлемді ақпараттар берілді.
«Курстан көптеген мағұлмат алдым. Өзім әлеуметтік желілермен жақсы жұмыс жасайтын едім. Мамандар жалпы парақшаларды қалай басқару керектігін, қалай қолдануды фото-видео контент, пост жазу, сторис жасауды үйретті. Ешқандай қиындығы жоқ, телефон мен интернет болса жеткілікті. Мобилографияны да меңгере бастадым. Телефонмен сапалы видео түсіріп, бизнес орындарын жарнама жасау арқылы қаражат табуға болады екен. Бүгінгі курсты ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз,- деді есептегі азамат.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]