«Жайылымдарды пайдалануды реттеу» туралы баспасөз конференциясы
Жайылым жерлермен қаматамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі тарапынан облыстық прокуратурамен бірлесіп елді мекендердегі жайылым жерлердің пайдалануына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 683 мың га жайылым жер жетіспейтіндігі анықталды.
Мәселені жүйелі түрде шешу үшін 5 бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде:
- Жер кодексінің 36-бабына сәйкес ауылдық округ теңгеріміне босалқы жерлер санатындағы 225,0 мың га жайылым жерлерді елді мекенге беру жұмыстары басталды. 2021 жылы 227,5 мың гектары (2022 жылдың 8 айында 0,7 мың га) берілді.
- ортақ жайылым жерлердің пайдалануға беріліп кеткен бөлігін елдімекендерге қайтарып беру жүргізілуде. Осы жерлер және елді мекендер аумағына 5 шақырым радиуста жақын орналасқан есебінен 199,6 мың гектар жайылым жерлерді ауылдық округтерге бекітіп беру басталды. 2021 жылы 13,6 мың гектар беріліп (2022 жылдың 8 айында 8,4 мың га), жұмыс жалғасуда.
- мал басы көп тұрғындардың малдарын орман қоры жеріне шығару ұйымдастырылуда. Орман қорындағы 1,0 млн. гектар жайылымға 242,9 мың мал басы шығарылды (2022 жылдың 8 айында 155,0 мың га берілді).
- жер пайдаланушылармен өнімі жиналып алынған жерлерге кедергісіз мал жаюға Меморандум жасау жұмыстары жүргізілуде. Көлемі 486,5 мың га болатын 2071 шаруа қожалықпен меморандум жасалды.
- игерілмеген және заң талаптарын бұза отырып пайдаланудағы 252,3 мың га жайылым жерлердің 2021 жылы 106,3 мың га мемлекет меншігіне қайтарылса, ағымдағы жылдың 8 айында 95,4 мың га қайтарылды.
2022 жылы қосымша елді мекен жайылымын ұлғайту үшін 418,4 мың га жер учаскесі қосылып берілетін болады.
Анықтама үшін
Жамбыл облысының жер қорында 8,1 млн. гектар жайылым жер бар. Оның 3,6 млн.га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде, 570,7 мың га елді мекендер жерінде, 1,7 млн.га орман қорында 1,0 млн га босалқы жер қорында орналасқан.
Статистикалық есепке сәйкес өңірде барлығы 4,3 млн. мал басы (оның ішінде МІҚ – 527,4 мың, ұсақ мал – 3620 мың, жылқы – 164 мың, 8,5 мың түйе) тіркелген. Тіркелген мал басын шартты басқа айналдырғанда әр басқа 8 га жайылым тиесілі болып шығады.
[xfvalue_img]
28 пікір