Сотталғандар арасында Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп оқудан жарыс өтті » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Сотталғандар арасында Ахмет Байтұрсынұлының  өлеңдерін  мәнерлеп оқудан жарыс өтті

Сотталғандар арасында Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп оқудан жарыс өтті

2022 жылғы 5 қыркүйекте   ұлт ұстазы  Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, ЗК-169/4 мекемесінде  тәрбие бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан жарыс  өтті.

     Сотталған азаматтардың қатысуымен болған бұл іс-шарада, олар ақынның өмір жолы мен  шығармалары жайында жан-жақты ой қозғады. Олардың бірі өлеңдерін мәнерлеп оқыса, енді бірі ақынның қанатты  сөздерінің мағынасын түсіндірді.

   Мақсат есімді жазасын өтеуші:

- Мен, кітапханадан ақынның өлеңдер жинағын алып оқыдым. 

Ақынның «Маса» жинағына енген өлеңдері- халықты оқуға, өнер-білімге, рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу болып табылады. Маса сияқты ызыңдап, енжар, жалқауларды оятып білімді болуға үндейді. Білімді адамның күні жарық болады. Сондықтан мен де өз-өзімді дамытып, рухани байлығымды арттыру үшін мекеме кітапханасына жиі барып ақын - жазушылардың кітаптарын алып оқимын.

  • Бұл іс-шараның сотталғандар үшін тәрбиелілік мәні зор болды. Өйткені олар ақын шығармалары арқылы өз-өзін танып, өз міндеріне сыни қарап адамгершілік қасиеттер мен «толық адам » қандай болу керектігі жайлы толғанысқа түсіп, біраз рухани азық алды. Шараға белсене қатысқан сотталғандар мекеме бастығының бұйрығымен марапатталатын болады»,- деді  әділет аға лейтенанты Айнұр Абдрашитова.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.