«Қадағалау» профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды
Ағымдағы жылдың 24-29 тамыз аралығында Қармақшы ауданы аумағында «Қадағалау» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Шараны Қармақшы аудандық пробация қызметі мен аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің учаскелік полиция қызметкерлері бірлесіп атқарды.
Шараның басты мақсаты-пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу.
Аталған іс-шара аясында Қармақшы аудандық пробация қызметінің қызметкерлері мен аудандық учаскелік полиция қызметкерлері пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың жұмыс орынымен мекен-жайларынан тексеру жүргізіп, қылмыспен құқық бұзушылыққа және жаза өтеу тәртіп бұзушылыққа бармау жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізіп, олардың міндеттері мен жауапкершіліктері түсіндірілді.
Пробациялық бақылаудағы азаматтарды барысында бір сотталғанның әкімшілік аймағын тастап шығып кеткендігі анықталып, сотталғаннан түсінік алынып, «ескерту» шарасы берілсе, тағы бір сотталғанның белгіленген күні тіркелуге пробация қызметіне келмегендігі анықталып, тиісті шара қолданылды.
Қызылорда облысы Қармақшы аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет майоры Б. Саулебеков
[xfvalue_img]