Орталық сайлау комиссиясы  Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан сайланған  Парламент Сенатының депутаттарын тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан сайланған Парламент Сенатының депутаттарын тіркеді

2022 жылғы 31 тамызда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан 2022 жылғы 24 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Отырысқа Парламент Сенатына сайланған депутаттар және бейнеконференция байланысы режимінде Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының аумақтық сайлау комиссиялары қатысты.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров отырысты аша отырып, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Парламент депутатының өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген кезден басталатынын атап өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Парламенттің сайланған депутаттарын тіркеуді жүргізеді, Ортсайлауком әрбір депутатқа белгілеген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні табыс етеді.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 12, 45, 46 және 82-баптарына және «2022 жылғы 24 тамызда өткізілген Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 тамыздағы № 56/526 қаулысына сәйкес «2022 жылғы 24 тамызда Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы» қаулы қабылданды.

Қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына 6 депутат тіркелді. Оның ішінде: 3 депутат 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне, 3 депутат 2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне тіркелді, оның ішінде:

  • Абай облысынан:

Байахметов Бақытжан Кәкенқаджаұлы, 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне;

Арғынбекова Айнұр Серікпайқызы, 2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне;

  • Жетісу облысынан:

Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы, 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне;

Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы, 2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне;

  • Ұлытау облысынан:

Медебаев Советбек Тұрсынұлы, 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне;

Шайдаров Серік Жаманқұлұлы, 2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне тіркелді.

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының тіркелген депутаттарына куәліктер мен омырауға тағатын белгілерін табыс етті.

Отырыс соңында Нұрлан Әбдіров сайланған депутаттарға республиканың заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органдағы қызметтеріне табыс және жемісті жұмыс тіледі.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.