Жеке кәсіпкерлік дегеніміз не

Жеке кәсіпкерлік дегеніміз не

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке кәсіпкерліктің не екенін, ЖК субъектісі кім болып табылатынын және жеке кәсіпкерліктің жұмыс істеу шарттары қандай екенін хабарлайды.

Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметi дара кәсіпкерлік болып табылады.

Өзге жеке тұлғаларға дара кәсіпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынады.

Дара кәсіпкерлік келесі түрлерде жүзеге асырылады:

- өзіндік;

- бірлескен кәсіпкерлік.

Өзіндік кәсіпкерлік

Өзiндiк кәсiпкерлiктi бiр жеке тұлға өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi пайдалануға және (немесе) оған иелiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

Некеде тұратын жеке тұлғаның өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруы үшін жұбайының келісімі талап етілмейді.

Жеке тұлға өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлi-зайыптылардың арасындағы өзге де келiсiмде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының нотариат куәландырған келiсiмi қажет.

Өзiндiк кәсiпкерлiк фермер қожалығы нысаны пайдаланыла отырып, жүзеге асырылуы мүмкін.

Бірлескен кәсіпкерлік

Бiрлескен кәсiпкерлiктi жеке тұлғалар (дара кәсiпкерлер) тобы өздерiне ортақ меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негізінде, сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға және (немесе) оған иелiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

Бiрлескен кәсiпкерлiктiң нысандары:     

- ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiгi негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгi;

- шаруа қожалығының ортақ бiрлескен меншiгi немесе жекешелендiрiлген тұрғынжайға ортақ бiрлескен меншiк негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк;

- жеке кәсiпкерлiк ортақ үлестiк меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын жай серiктестiк;

- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де нысандар.

Дара кәсіпкерлік қызметті өз атынан жүзеге асыру

Дара кәсіпкер өз атынан:

- кәсіпкерлік қызметпен айналысады;

- құқықтар мен міндеттерді иеленеді және жүзеге асырады.

Азамат, қандас кәсіпкерлік қызметіне байланысты мәмілелерді жасаған кезде өзінің дара кәсіпкер ретінде әрекет ететінін көрсетуге тиіс.

Мұндай көрсетудің болмауы дара кәсіпкерді өз міндеттемелері бойынша дара кәсіпкер мойнына алатын тәуекел мен жауапкершіліктен босатпайды.    

Өз қызметін жүзеге асырған кезде дара кәсіпкер мәтіндері осы адам дара кәсіпкер болып табылатындығын барынша айқын куәландыруға тиіс іскерлік құжаттаманың дербес бланкілерін, мөрді, мөртабандарды пайдалануға құқылы.

Дара кәсіпкер мәтіндері осы адам дара кәсіпкер болып табылатындығын барынша айқын куәландыруға тиіс:

- іскерлік құжаттаманың дербес бланкілерін

- мөрді

- мөртабандарды пайдалануға құқылы.    

Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу

Жеке кәсiпкерлiктi заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде мәлiмделген тұрған жерi бойынша мемлекеттік кіріс органында дара кәсiпкер ретiнде есепке қоюды білдіреді.

Дара кәсіпкер ретінде мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге мынадай шарттардың бiрiне сай келетiн жеке тұлғалар жатады:

- жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде пайдаланады;

- жеке кәсiпкерлiктен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерiнен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық кірісі болады.

Бұдан әрі мәтінде аталған тұлғаларды қоспағанда, санамаланған дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеусіз қызметіне тыйым салынады.

Дара кәсіпкерлерді мемлекеттiк тiркеу тәртібі

Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу үшін жеке тұлға тікелей мемлекеттік кіріс органына немесе рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарлама ұсынады.

Бірлескен дара кәсіпкерлікті тіркеген жағдайда, бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан қол қойылған сенімхатты ұсынады.

Егер өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған жағдайда, хабарламаға заңды өкілдердің келiсiмi, ал мұндай келiсім болмаған кезде - неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің көшірмесі не қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімі немесе кәмелет жасына толмаған адамды толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялау туралы сот шешiмi қоса берiледi.

Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.

Жеке тұлға мынадай кірістерді алған кезде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы:

- төлем көзінен салық салуға жататын кірістер;

- мүліктік кіріс;

- Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден түсетін кірістер;

- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан кірістер алатын үй жұмыскерлерінің кірістері;

- салық агенттері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының кірістері;

- Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының кірістері;

- еңбекші көшіп келушіге рұқсат негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған (алуға жататын) резидент-еңбекші көшіп келушілердің кірістері;

- "Медиация туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпқой медиаторларды қоспағанда, медиаторлардың салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алған кірістері;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін, салық салуға жататын, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның салық агентіне анық емес мәліметтер ұсынуына байланысты төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу жүргізілмеген кірістер.  

Дара кәсiпкердiң қызметi келесі жағдайда тоқтатылуы мүмкiн:

- ерiктi түрде;

- мәжбүрлеу тәртiбiмен;

- Кодексте көзделген мән-жайлар басталған жағдайда.     

Ерiктi тәртіп

Дара кәсiпкердiң қызметi өзiндiк кәсiпкерлiк кезiнде - дара кәсiпкер дербес, бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде - барлық қатысушылар бiрлесiп қабылдаған шешiм негiзiнде кез келген уақытта ерiктi түрде тоқтатылады.

Бұл жағдайда дара кәсіпкер мемлекеттік кіріс органына "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 65, 66, 67 баптарында айқындалған тәртіппен кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы өтініш береді.

Бiрлескен кәсiпкерлiктi тоқтату туралы шешiм, егер бұл үшiн қатысушыларының кемінде жартысы дауыс берсе қабылданды деп есептеледі.

Мәжбүрлі тәртіп

Жеке кәсiпкердiң қызметi:

- ол банкрот деп танылған;

- тiркеу кезiнде жойылмайтын сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар жiберiлуіне байланысты дара кәсiпкердi тiркеу жарамсыз деп танылған;

- қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасын күнтiзбелiк жыл iшiнде бiрнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;

- ол қайтыс болды деп жарияланған;

- қолданысқа енгізілді ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген;

- ол хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда;

- мәжбүрлі тәртіппен қызметті тоқтатуды көздейтін, Салық кодексінде белгіленген жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлі тәртіппен тоқтатылады.

Дара кәсіпкердің қызметі өзінің өтініші не соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде мемлекеттік кіріс органында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезден бастап, сондай-ақ Кәсіпкерлік Кодексінің 38-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылды деп есептеледі.

Дара кәсiпкердiң банкроттық рәсімі Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.