Қызылордада электронды білезікті үзген сотталғанға қатысты сотқа ұсыныс жолданды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аудандық, қалалық пробация есебінде тұратын 32 сотталғанға электронды білезік тағылған болатын.
Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі А есімді сотталған ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып, сот үкімімен оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Жаза өтеуінің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген. Жуырда бұл сотталғанға қалалық пробация қызметімен электронды білезік тағылған. Электронды бақылау құрылғысы тағылса да ол сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзып, мәжбүрлі еңбекті атқарудан бас тартқан. Пробация қызметкерлерімен төрт рет «ескерту» тәртіптік шарасы қолданылған.
-Бұл сотталған бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған. Соттталған бұнымен тоқталмай, масаң күйде болып, электронды құрылғысын өздігінен үзіп тастаған. Сол мезетте пробация инспекторларының планшеттеріне сигнал келіп түскен. Жүргізілген тәрбиелік жұмыстардан еш нәтиже шығармаған сотталғанның іс –құжаттары жинақталып, бас бостандығының өтелмеген мерзімін дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін сотқа ұсыныс жолданды,- дейді әділет майоры Ж.Есмаханов.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]