Қарақия ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері Қазақстандағы қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері болып танылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері» атағына ел бойынша 223 мемлекеттік кірістер басқармалары арасында ай сайынғы конкурс шеңберінде 2022 жылдың шілде айына конкурс өткізді.
Конкурс аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне жасырын қоңырау шалу арқылы өткізіледі және бірнеше критерийлерді қамтиды:
- дербес деректерді ұсына отырып, салық төлеушінің корпоративтік сәлемдесуі;
- берілген сұраққа толық және дұрыс кеңес беру;
- салық төлеушінің қарсылықтарына, даулы мәселелеріне барабар жауап бере білу.
Аталған конкурс қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің қызмет көрсету нәтижесіне объективті баға алуға бағытталған және Мемлекеттік кірістер органдары көрсеткен қызметтердің сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.
2022 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қарақия ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы – Нұржанов Абай «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері» болып танылды.
Нұржанов Абай, Мемлекеттік кірістер органдарында 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Нұржанов Абай өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды, алдына қойған тапсырмаларды нақты және тез арада орындайды, әріптестер арасында құрметке ие.
Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті
[xfvalue_img]