Нұр-Сұлтан қаласындағы өнеркәсіп кәсіпорындары жұмысының қорытындылары
2022 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі 896,7 млрд. теңгені құрады, 2021 жылғы қаңтар-маусымдағы деңгеймен салыстырғанда 2022 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі – 102,8%.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің нақты көлемі 2021 жылғы қаңтар-маусымдағы деңгеймен салыстырғанда 101,7%-ға және қолданыстағы бағамен 811,1 млрд. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің өсуі киім өндіру 90,7%-ға, металлургия өндірісі 24,9%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру 16,5%-ға және өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру 4,4%-ға байқалады.
Тағам өнімдерін өндіруде 2021 жылғы қаңтар-маусымдағы деңгеймен салыстырғанда өзге де дәнді дақылдардан жасалған жарма, ірі тартылған ұн және түйіршіктер мен өнімдер 35,6%-ға, макарондар, кеспелер, кускус және ұннан жасалған ұқсас өнімдер 18,9%-ға дәнді және өсімдік дақылдарынан жасалған ұн; олардан майда тартылған ұн қоспалары 13,9%-ға, өсті. Сонымен қатар, ауылшаруашылық жануарларына арналған дайын азықтар, жоңышқадан жасалған ұн мен түйіршіктерден басқа 7,9%-ға қысқарды.
Құрылыс индустриясы кәсіпорындарымен құрылыс үшін, соның ішінде азаматтық құрылыс үшін цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған құрастырмалы конструкциялар элементтері (110,5%), тауарлық бетон (101,1%), өндірісінің өсуі қамтамасыз етілді.
Өңдеу өнеркәсібінің салалары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі
|
Қызмет түрінің атауы
|
2022 жылғы қаңтар-маусым 2021 жылғы қаңтар-маусымға пайызбен |
Өңдеу өнеркәсібінің көлеміндегі қызмет түрлерінің үлес салмағы, пайызбен |
|
Өңдеу өнеркәсібі |
101,7 |
100,0 |
|
Тағам өнімдерін өндіру |
122,9 |
3,9 |
|
Сусындар өндіру |
2,1 есе |
8,5 |
|
Тоқыма бұйымдарын өндіру |
13,8 есе |
0,1 |
|
Киім өндіру |
190,7 |
0,4 |
|
Былғары және оған жататын өнімдерді өндірі |
32,6 есе |
0,1 |
|
Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру |
156,1 |
0,1 |
|
Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру |
113,0 |
0,0 |
|
Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту |
169,7 |
0,2 |
|
Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру |
74,3 |
0,3 |
|
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндірү |
145,2 |
0,0 |
|
Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру |
116,5 |
4,1 |
|
Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру |
104,4 |
9,2 |
|
Металлургия өндірісі |
124,9 |
57,9 |
|
Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру |
180,0 |
1,9 |
|
Машина жасау |
86,4 |
13,0 |
|
Жиһаз өндіру |
141,5 |
0,2 |
|
Өзге де дайын бұйымдар өндіруі |
102,7 |
0,1 |
2022 жылғы қаңтар-маусымда электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз ету көлемі 74,3 млрд. теңгені құрады, 2022 жылғы қаңтар-маусымдағы нақты көлем индексі 2021 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 113,1% болды.
2022 жылғы қаңтар-маусымда сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өндеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет көлемі 2021 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 102,3%-ға және 11,3 млрд. теңгені құрады.
Әдіснамалық түсініктемелер
Өнеркәсіптік өндіріс индексі - бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Жедел деректерін нақтылау жылдық статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша жүргізіледі.
www.stat.gov.kz / Нұр-Сұлтан→Ресми статистика→Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы
|
Орындаушы: Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы |
Басқарма басшысы: Г.С. Түсіп Тел. +7(7172) 32 67 14 |
Орындаушы: Нурмуханбетова С.А. Тел. +7(7172) 32 10 11 E-mail: Sa.Nurmukhanbetova@aspire.gov.kz |
Мекенжай: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы Желтоқсан көшесі, 22 |
© Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті
[xfvalue_img]
