Нұр-Сұлтан қаласы бойынша статистикалық бизнес тіркелімде тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны туралы
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының саны 93002 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалардың
саны - 89300, филиалдар - 2839 және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары (әрі қарай - субъектілер) - 863. Оның ішінде жұмыс істейтін субъектілердің саны - 69633, белсенді еместері (жаңалары) - 7961, белсенділері - 30311, уақытша белсенді еместері - 31361. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда субъектілердің саны 8402 бірлікке ұлғайды.
2022 жылдың маусым айында статистикалық бизнес-тіркелім алғашқы тіркеуден өткен 1004 бірлік субъектілермен толықтырылды. Сонымен қатар, тиісті кезеңде таратылған субъектілердің саны 181.
Тіркелген субъектілердің қатарынан 92043 - шағын, 553 - орта және 406 - ірі субъектілер болып табылады. Олардың саны қаланың аудандары бойынша мынадай қатынаста бөлінген: Алматы - 25578, Есіл - 27078, Сарыарқа - 22367, Байқоңыр - 17979.
Тіркелген субъектілердің меншік нысандары бойынша түрлерінің саны:
- мемлекеттік - 840;
- жекеменшік - 84002;
- шетелдік - 8160.
Тіркелген субъектілердің қызмет түрлері бойынша саны:
- көтерме және бөлшек саудада сату, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу - 25282;
- құрылыс - 18003;
- көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну - 10226;
- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 7121;
- әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет - 4709;
- өнеркәсіп - 4953;
- ақпарат және байланыс - 4295;
- жылжымайтын мүлікпен операциялар - 3933;
- көлік және қоймалау - 3364;
- білім беру - 2966;
- тұру және тамақтану бойынша қызметтер - 2441;
- қаржы және сақтандыру - 1618;
- өнер, ойын-сауық және демалыс - 1403;
- денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер - 1578;
- ауыл, орман және балық шаруашылығы - 733;
- мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету - 377.
Тіркелген субъектілердің басшылары арасында ер адамдар саны - 65559, әйелдер саны - 27443 құрады.
Әдістемелік түсіндірмелер
Баспасөз хабарламада «Статистикалық бизнес-тіркелімі» ақпараттық жүйесіндегі көрсеткіштер қамтылған, тіркелу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдар (әрі қарай-субъектілер) туралы ақпараттар көрсетілген. Ұсынылған ақпараттар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алынған деректер негізінде қалыптастырылған. Тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілердің жалпы саны, оның ішінде құқықтық бірлік типі және олардың белсенділігі бойынша, ағымдағы айда бастапқы тіркеуден өткен және таратылған субъектілер, сондай-ақ аудандар бөлінісінде, кәсіпорындардың өлшемділігі, мешік нысандары, экономикалық қызмет түрлері және басшылардың жынысы бойынша көрсетілген.
Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті
[xfvalue_img]