ҚТҚ шығару нарығындағы Монополист тұрғындарға көтеріңкі тарифті қолданғаны үшін төлеудегі айырманы өтеп берді.
2022 жылдың ақпан айында бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне Бородулиха ауданының прокуратурасынан "Транс ЭКО Сервис"ЖШС әрекетіне Жезкент кентінің тұрғындарынан өтініш келіп түсті.
Департаментпен қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көму бойынша тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізілді. Нәтижесінде Департамент қызметкерлері "Транс ЭКО Сервис" ЖШС кенттегі қоқыс шығарумен айналысатын жалғыз кәсіпорын екенін анықтады.
Бородулиха ауданы прокуратурасының 15.03.2022 жылғы № 2-1508-22-00216 "Транс ЭКО Сервис" ЖШС қатысты заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынысты орындау үшін, 2022 жылғы 24 наурызда Департамент ҚР ӘҚБтК 159 - бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады-тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарының бұзылуына әкеп соққан ҚТҚ шығару бойынша қызметтерге заңсыз тарифті белгілеу және қолдану бөлігінде теріс пайдалану. Материалдар Бородулиха аудандық сотының қарауына берілді.
Бородулиха аудандық сотының 2022 жылғы 21 сәуірдегі қаулысымен "ТрансЭкоСервис" ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 1 697 691,63 теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 18 мамырдағы қаулысымен бірінші инстанцияның шешімі өзгеріссіз қалды.
2022 ж.20 маусымда "ТрансЭкоСервис" ЖШС бюджетке айыппұл сомасын толық төледі.
"ТрансЭкоСервис" ЖШС 2022 жылғы 6 маусымдағы хатымен Департаментке нұсқаманы толық орындағанын және жеке және заңды тұлғаларға қайта есеп жүргізгенін хабарлады.
[xfvalue_img]