Бас прокуратурада экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға және заңсыз алынған мүліктерді қайтаруға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Бас прокуратурада экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға және заңсыз алынған мүліктерді қайтаруға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

22 маусымда Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалық етуімен экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Отырысты ашқан Бас Прокурор іс-шараға қатысушылардың назарын Мемлекет басшысы қойған негізгі міндеттерге аударды. Бұл – заңсыз шығарылған қаржы қаражатын елге қайтару бойынша жүйелі шараларды әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтау.

Оларды іске асыру отандық экономиканы сауықтыруға, кірістерді әділ бөлуге және азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға мультипликативтік әсер етуі тиіс.

Отырыста Комиссия төрағасының орынбасары – Бас Прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бірінші басшылары баяндама жасады.

         Шаралар кешенін талқылай отырып, капиталды елден заңсыз шығаруды болдырмау және құқыққа қарсы жолмен алынған ресурстарды қолында шоғырландырған санаулы адамдар шеңберінің заңсыз баюы үшін жағдайларды жою алғашқы кезектегі шаралардың бірі деп танылды.

         Сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып, олигополия субъектілерінің активтерді мемлекетке қайтару мүмкіндігі туралы ұсыныс қаралды.

         Бұл ретте, Б. Асылов Комиссияның жұмысы адал кәсіпкерлер үшін бөгет болмауы қажет екендігін атап өтті.

«Барлық шешімдер тексеріліп, мұқият пысықталған соң ғана қабылдануы керек», - деді ол.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия жұмысының басым бағыттары айқындалды.

Естеріңізге сала кетейік, Комиссия Президенттің а.ж. 5 маусымдағы Жарлығымен құрылған болатын. Оның құрамына құқық қорғау, арнаулы және бірқатар орталық атқарушы органдардың, Ұлттық Банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның бірінші басшылары кіреді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.