Нұр-Сұлтан қаласы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметі
Ағымдағы денсаулық сақтау ұйымдарының кірісі есеп мәліметі бойынша 385131,7 млн. теңгені құрады, соның ішінде ауруханалар кіріс үлесі - 47,7%, адамның денсаулығын сақтау бойынша басқа қызметтер - 23,1%, дәрігерлік тәжірибесі - 18,4%, арнайы дәрігерлік тәжірибиесі - 4,6%, стоматологиялық қызмет - 4,4%, тұратын орынды қамтамасыз етумен және қамтамасыз етусіз әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызметтер - 1,8% құрады.
2021 жылы денсаулық сақтау ұйымдарының ағымдағы шығыны 360870,8 млн. теңгені құрады, жұмыс күшін ұстауға жұмсалған шығынның жалпы сомасы ең үлкен үлес салмағын құрады, олардың көлемі 154448,6 млн. тенге (42,8%), дәрілік заттар мен таңу материалдарына шығыстар - 72900,5 млн. тенге (20,2%), алынған қызметтер бойынша шығындар - 60676,2млн. тенге (16,8 %).
[xfvalue_img]