Қызылордада ҚАЖД мекемелеріндегі теолог мамандарының арасында «Үздік теолог инспекторы» байқауы өтті
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен мекемелердегі теолог мамандарының арасында «Үздік теолог инспекторы» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты- теологиялық оңалту жұмыстарының инспекторының беделін арттыру, теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру қызметі қызметкерлерінің өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз арттыруға мүдделілігін ынталандыру, моральді-психологиялық ахуалын жақсарту, сотталғандармен ТОЖ ұйымдастырудың сапасын арттыру болып табылады.
Аталған байқауда мекеме теологтары өздерінің білімі мен біліктіліктерін сынға салды. Алғашқы кезеңде қатысушылар өздерін және эмблемасын таныстырып, қызметі мен мекемесі туралы айтты. Сайысқа түскен сайдың тасындай үміткерлер өздерінің сегіз қырлы, бір сырлы ер екендерін дәлелдеуге тырысты. Ал екінші кезеңде арнайы дайындалған қысқаша бейне жазба арқылы өздерінің сотталғандармен жүргізілген теологиялық оңалту жұмыстарын көрсетсе, үшінші кезеңінде қазылар алқасы теолог мамандардың құжаттарының жүргізілуін тексерді. Байқаудың төртінші кезеңінде теологиялық оңалту жұмысындағы тәсілдер, мәселелер және оны шешу жолдары бойынша сұрақтарға жауап берді.
Қатысушылардың жұмыстарын тәжірибелі қызметкерлер мен білікті теологтардан құралған әділқазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың кәсібилігіне, сауаттылығына, сыртқы келбетіне, шешімдерді қабылдау және жауаптардың дұрыстығы мен тиянақтылығына, ұстамдылығына, ұйымшылдығына, шығармашылық, орындаушылық шеберлігіне көңіл бөлді.
Тартысты өткен жарыс нәтижесінде департаменттің ЗК-169/1 мекемесінің арнайы контигенттер арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру тобының аға инспекторы Р.Рузиев үздік деп танылып, ҚАЖ департаменті бастығының құзыретімен грамотамен марапатталып, Қостанай қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
1 пікір