Ербол Қарашөкеев президенттік кадрлық резерв өкілдерімен кездесті
Қазақстандағы аграрлық сектор экономиканың басым салаларының қатарына кіреді, ел халқының жартысына жуығының негізгі табыс көзі болып отыр, деді кездесуде Ауыл шаруашылығы министрі. Ол 2021 жылы АӨК бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету үшін 2021-2025 жылдарға арналған ауыл шаруашылығын дамытудың Ұлттық жобасы қабылданғанын, оның негізгі міндеттері еңбек өнімділігін арттыру, отандық өндірістің азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бойынша елдің өзін-өзі қамтамасыз етуіне қол жеткізу, АӨК өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту мен ауыл тұрғындарының табысын тұрақты арттыру болып айқындалғанын еске салды.
"Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру Мемлекет басшысының басты бастамаларының бірі. Сіздер қатаң іріктеуден өттіңіз, білімнің, кәсіби біліктіліктің жоғары деңгейін көрсеттіп, сондай-ақ мемлекет үшін жұмыс істеуге деген ұмтылыстарыңызды дәлелдедіңіздер, – деді кездесу барысында Е.Қарашөкеев.
- Біз әрқашан диалогқа ашықпыз, сондай-ақ республиканың агроөнеркәсіптік кешенін одан әрі тиімді және орнықты дамыту жөніндегі сіздердің идеяларыңыз бен ұсыныстарыңызды қарауға және талқылауға дайынбыз. Кадрлық резервке енген ұрпақ, жас басшылар өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындап, экономиканың барлық салаларын, оның ішінде АӨК-ті дамытуда жаңа әдістер мен технологияларды табысты қолдана беретініне сенімдімін", - деп қосты ол.
Қазіргі уақытта, Президенттік кадрлық резервтен ведомствода Ауыл шаруашылығы вице-министрі Тамабек Әбілқайыр, Аграрлық азық-түлік нарығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова, Халықаралық ынтымақтастық және инвестицияларды тарту департаментінің директоры Берік Манасов еңбек етіп жатыр.
Президенттік кадрлық резерв өкілдерімен кездесуге Азық-түлік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Қанат Қарауылов пен "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ төрағасы Д.Балпанов қатысты.
АШМ Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
28 пікір