Адал кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды!
Түркістан облысы прокуратурасымен көрнеу, жалған есепке алу-бақылау маркалары жабыстырылған алкоголь және басқада сусындар өнімдерін сататын сауда орындарына талдау жүргізіп, нәтижесінде заңсыз күдік туғызатын өнімдердің сатылымдары анықталды (төмендетілген бағада).
Контрафактік өнімдердің заңсыз айналымын алдын алу және болдырмау мақсатында облыс прокуратурасымен жедел-іздестіру шараларын жүргізу туралы қаулысы қабылданып, кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізу үшін Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.
Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесімен Түркістан облысы және Шымкент қалаларында қылмыстық топпен, 2 жалған алкогольдік өнімдерін жасау орындары анықталып, олардың жұмыстары тоқтатылды.
Тінту жүргізу барысында спирттік өнімдерін ыдысқа құйып даярлау құрылғысы, 24 000 литр спирт, 40 000 бөтелке әр түрлі атаудағы арақтар, 8 орам жалған есепке алу-бақылау маркалары, жапсырмалар, қақпақтар мен басқада түрлі заттар алынған.
Осылайша, облыс прокуратурасының бастамасымен аталған салада заңды бизнес жүзеге асырып отырған адал кәсіпкерлердің құқықтары қорғалып, қолдан жасалған өнімдерді пайдаланудан халық денсаулығына зиян келтіруге тосқауыл қойылды.
Аталған деректер бойынша Түркістан облысы экономикалық тергеу департаментімен 233-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Түркістан облысының прокуратурасы
[xfvalue_img]