Экологиялық заңнаманы сақтау саласындағы қадағалау нәтижелері туралы
https://www.youtube.com/watch?v=A4Eclyc0Y1M
Соңғы кездері азаматтардың елді мекендер маңындағы тұрмыстық және өндірістік қалдықтардың заңсыз шығарылуы туралы арыз-шағымдар жиілеп кетті.
Осыған орай, Бас прокуратура уәкілетті органдардың табиғатты қорғау саласында экологиялық заңнамалардың сақтауына тексеру жүргізді. Прокурорлар, кәсіпорындардың өндірістік қалдықтарды өңдеусіз рұқсат етілмеген жерлерге төккені туралы 43 фактіні тіркеді. Мысалы, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты экологиялық тұрғыдан рұқсаты жоқ кәсіпорындарға 150 мың тоннаға жуық қауіпті қалдықтарды өткізген.
Ал, кәсіпорындар, сол қалдықтарды өңдеусіз қаладағы бос жатқан жерлерге тастаған. Бүгінгі күнде кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардан 80 млн. теңгеден астам шығын өндірілді. Оған қоса, зауытқа қоршаған ортаға эмиссия түрінде 1 млрд 600 млн теңге көлемінде төлемақы есептелді. Рұқсат етілмеген полигондардың көлемі де азаймауда.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» мекемесінің ғарыштық бақылау нәтижесіне сәйкес, өңірлерде жыл сайын 9 мыңға жуық жаңа полигон анықталады. Мысалы, Алматы қаласының прокуратурасы Алатау, Медеу және Түрксіб аудандарынан 17 коммуналдық және өндірістік қалдықтар көмілген жерді тапқан. Қазіргі кезде прокуратураның талабы бойынша қоқыс полигондары жойылды.
Жалпы, тексеру қорытындысы бойынша, Ақтөбе, Алматы. Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша Экология департаменттерінің басшылары, сондай-ақ профильді министрліктің лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Табиғат қорғау инспекторлары бюджетке 33 млрд теңгеге жуық экологиялық шығынды, сондай-ақ 12 млрд теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұлды өндірді.
Үкіметке заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.
[xfvalue_img]