Нұр-Сұлтан қаласы бойынша статистикалық бизнес тіркелімде тіркелген заңды тұлғалар,  филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны туралы

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша статистикалық бизнес тіркелімде тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны туралы

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының саны 91182 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалардың
саны - 87479, 2849 - филиалдар және 854 - шетелдік заңды тұлғалар филиалдары (әрі қарай - субъектілер). Оның ішінде жұмыс істейтін субъектілердің саны - 67372, белсенді еместері (жаңалары) - 9927, белсенділері - 30245, уақытша белсенді еместері - 27200. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда субъектілердің саны 7567 бірлікке ұлғайды.

2022 жылдың сәуір айында статистикалық бизнес-тіркелім алғашқы тіркеуден өткен 1227 бірлік субъектілермен толықтырылды. Сонымен қатар, тиісті кезеңде таратылған субъектілердің саны 138.

Тіркелген субъектілердің қатарынан 90215 - шағын, 555 - орта және 412 - ірі субъектілер болып табылады. Олардың саны қаланың аудандары бойынша мынадай қатынаста бөлінген: Алматы - 25109, Есіл - 26135, Сарыарқа - 22094, Байқоңыр - 17844.

Тіркелген субъектілердің меншік нысандары бойынша түрлерінің саны:

- мемлекеттік - 832;

- жекеменшік - 82694;

- шетелдік - 7656.

Тіркелген субъектілердің қызмет түрлері бойынша саны:

- көтерме және бөлшек саудада сату, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу - 24846;

- құрылыс - 17694;

- көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну - 10038;

- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 7040;

- әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет - 4613;

- өнеркәсіп - 4864;

- ақпарат және байланыс - 4093;

- жылжымайтын мүлікпен операциялар - 3810;

- көлік және қоймалау - 3279;

- білім беру - 2896;

- тұру және тамақтану бойынша қызметтер - 2393;

- қаржы және сақтандыру - 1598;

- өнер, ойын-сауық және демалыс - 1377;

- денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер - 1547;

- ауыл, орман және балық шаруашылығы - 720;

- мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету - 374.

 Тіркелген субъектілердің басшылары арасында ер адамдар саны - 64361, әйелдер саны - 26821 құрады.

Әдістемелік түсіндірмелер

Баспасөз хабарламада «Статистикалық бизнес-тіркелімі» ақпараттық жүйесіндегі көрсеткіштер қамтылған, тіркелу органдарында тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары (әрі қарай-субъектілері) туралы ақпараттар көрсетілген. Ұсынылған ақпараттар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алынған деректер негізінде қалыптастырылған. Тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілердің жалпы саны, оның ішінде құқықтық бірлік типі және олардың  белсенділігі бойынша, ағымдағы айда бастапқы тіркеуден өткен және таратылған субъектілер, сондай-ақ аудандар бөлінісінде, кәсіпорындардың өлшемділігі, меншік нысандары, экономикалық қызмет түрлері және басшылардың жынысы бойынша көрсетілген.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.