Пробациялық бақылау белгіленген сотталғанның жаза мерзімі екі айға ұзартылды
Қызылорда қалалық пробация қызметіндегі пробациялық бақылаудағы Қ. есімді азаматтың жаза мерзімі сот қаулысымен 2 айға ұзартылды. Оған сот үкімімен ҚР ҚК-нің 188 бабы 3- бөлігінің 2 тармағымен 5 жылға бас бостандығыан айыру жазасы тағайындалып, ҚР ҚК-нің 63-бабымен тағайындалған жазаны шартты деп санап, бес жылға пробациялық бақылау белгіленген. Алайда, бұл азамат сот жүктеген міндеттерді орындамай, пробация қызметіне хабарламай тұрғылықты жерін ауыстырып, жаза өтеу талаптарын бұзған.
Пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Н.Баймурзаев аталған азаматтың іс-құжаттарын жинақтап, Қызылорда қалалық №2 сотына ұсыным жолдаған. Сот қаулысымен пробациялық бақылаудағы азаматтың пробациялық бақылау мерзімі екі айға ұзартылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
7 пікір