Жосықсыз қызмет көрсетушілер тізімі жасалады  — ҚР ИИДМ

Жосықсыз қызмет көрсетушілер тізімі жасалады — ҚР ИИДМ

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде вице-министр Б.Камалиевтің төрағалығымен селекторлық кеңес болып өтті. Отырыста автожолдардың сапасын арттыру бойынша кешенді жоспардың орындалуы талқыланды.

Шараға ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ, "Мемсараптама" РМК, "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК және автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялауды жобалау және техникалық қадағалау бойынша қызметтер көрсететін ірі компаниялардың өкілдері қатысты.

Бүгінгі таңда жолдардағы ақаулардың пайда болуының негізгі себебі — сапасыз жобалық шешімдер мен жұмыс барысын нашар қадағалау. Жекелеген жобаларда мамандар сапасыз жобалық шешімдерге тап болып жатады. Ол кейін жобаларды жүзеге асыру мерзіміне және жұмыс сапасына кері әсерін тигізуде.

Жобалау барысында бірқатар мәселе өңірлердің климаттық жағдайы, жауын-шашын мөлшері, топырақтың қату тереңдігін ескеретін жобаларды әзірлеудің бірыңғай талаптарының болмауынан туындайды. Мысалы, Қазақстан ауыспалы континенталды климатқа жатады. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында топырақтың қату индексі 1850 мм құраса, ал Алматы қаласында бұл индекс 490 мм. Осыған қарамастан, жобалаушылар климаттық факторларды ескермей, жол төсемі конструкциясы бойынша бірдей шешім қабылдай береді.

Жиын барысында "Атырау-Орал" жол учаскесіндегі қозғалыс қарқындылығы мен жол көлік оқиғалары санының артуы мәселелері қозғалды. Бүгінде аталған учаскеде реконструкциялау жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Ал жобаны әзірлеу кезінде шет елдердің тәжірибесі және жаңа жобалық шешімдер ұсынылды. Мысалы, жол құрылысы кезінде автокөлік құралдарының қозғалысы енді қолданыстағы жол бойымен жүзеге асырылатын болады. Бұл өз кезегінде айналма жолдардың жай-күйі мен күтіп-ұстау сапасы мәселелерін үнемі көтеретін пайдаланушылар тарапынан түсетін наразылықтар легін азайтады.

Қарама-қарсы қозғалыс ағындарын бөлу жолағының енін 20-дан 200 метр аралығында бөлу қарастырылған, бұл экономикалық жағынан және құрылыс жұмыстары үшін де тиімді. Сондай-ақ, металл қоршауларды орнату қажеттілігі туындамайды, бұл өз кезегінде қар тазалау жұмысын жеңілдетіп, жолды күтіп ұстауға және салуға байланысты шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК және "ҚазжолҒЗИ" АҚ базасында жобаны "Мемсараптама" РМК қарауына енгізгенге дейін салалық сараптама мәселелерімен айналысатын жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды, оған жобалау саласындағы халықаралық сарапшылар тартылатын болады. Жобалық шешімдерді қарау мәселелері бойынша ғылыми техникалық кеңестің жұмысы қайта қаралады.

Бұдан бөлек, климаттық аймақтар мен топырақтың жай-күйін ескере отырып, автожолдарды жобалауға бірыңғай өлшемдер белгіленетін нормативтер жетілдірілетін болады. Сондай-ақ, отандық жобалаушыларды даярлау үшін шет елдерде ғылыми тәжірибелер ұйымдастыру ұсынылды.

Бұдан басқа, жол жамылғысы конструкцияларында қатпайтын қабатты қолдану жөніндегі міндетті талап енгізілетін болады. Белгіленген нормаларға сәйкес, битум маркалары Performance Grade (PG) әдісі бойынша бөлінеді. Сондықтан PG талаптары жоғары температура айырмашылығында жарықтарды болдырмау үшін өте маңызды, өйткені ақаулардың пайда болуының негізгі себебі қолданылатын битумға байланысты.

Жобаларды іске асыру кезінде техникалық және авторлық қадағалау қызметтерінің жұмысындағы кемшіліктердің себептері қаралды. Осыған байланысты келесі шараларды қолға алу тапсырылды:

  1. Көлік мәселелері жөніндегі заң жобасы шеңберінде жоба авторларының және техникалық қадағалау қызметінің кепілдік мерзімі ішінде ақаулардың пайда болуы үшін ортақ жауапкершілігі қаралсын.
  2. Жобалар инженерлері мен құрылысты техникалық қадағалау жөніндегі инженерлерді сыбайлас жемқорлық қылмыстар субъектілерінің шеңберіне қосу.

Айта кетерлігі, атқарушылық құжаттаманы ресімдеу процесін электрондық форматқа — "Е-құрылыс" жүйесіне көшіру жүргізілуде.

Кеңесті қорытындылай келе, вице-министр Берік Камалиев жосықсыз қызмет көрсетушілер тізімін қалыптастыруды және жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмысын, сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының барысын қадағалауды күшейтуді қадап тапсырды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.