Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпорындарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы
2021 жылы есеп берген ұйымдар саны 21346 бірлікті құрады, одан компьютерді пайдаланғандар 100% (21345 бірлік), Интернет желісіне қолжетімділігі барлар 99,1% (21144 бірлік) және тек 15,8% (3367 бірлік) ұйымдар бұлтты АТ-қызметтерін пайдаланды. Мемлекеттік басқару ұйымдарының 166 санынан 99,4% (167 бірлік) компьютерді пайдаланды,97,6% (162 бірлік) Интернет желісіне қолжетімділігі болды және тек 14,5% (24 бірлік) бұлтты АТ-қызметтерін пайдаланды.
Есепті кезеңде ұйымдарда 176,8 мың компьютер пайдаланылды, одан Интернет желісіне қосылғаны – 85,7% (151,4). Компьютерлердің жалпы санынан мемлекеттік басқару ұйымдарында 26,6 мың компьютер пайдаланылды, одан Интернет желісіне қосылғаны – 53,2% (14,1).
Ұйымдардың АКТ-ға жұмсалған шығындардың жалпы соммасы 176,0 млрд. теңгені құрады, одан мемлекеттік ұйымдарда жұмсалған шығындар – 28,2 млрд. теңге.
Мемлекеттік органдармен байланысу үшін Интернет желісін пайдаланушы ұйымдардың негізгі үлесі ақпарат алуға –91,2%, толтырылған формулярларды электронды жіберуге – 87,6%, формулярларды жүктеуге (көшіруге) – 75,7% келеді.
[xfvalue_img]
32 пікір