Жер учаскесіне кезектің қозғалысын онлайн-форматта қадағалауға болады

Жер учаскесіне кезектің қозғалысын онлайн-форматта қадағалауға болады

2022 жылдың 1 наурызынан бастап egov.kz электрондық үкімет порталында жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекке қою қызметі іске қосылды. Осының арқасында қазақстандықтар кезекке тұрып, оның қозғалысын онлайн режимде бақылай алады.

«Мемлекеттік жер кадастры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде кезекте тұрғандар тізілімі сервисі алынған өзекті деректерді ескере отырып, жетілдірілген «жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жаңа жүйесіне көшірілді.

Ашық және бірыңғай форматта тізілімді құрудың мақсаты бизнес-процестерін автоматтандыру есебінен көрсетілетін қызметті алушылардың кезекке қою, өтініштер беру, нәтижелер алу және өз кезегін онлайн қадағалау процестердің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Нәтижесінде халықтың кезектің жүруі туралы ақпаратқа, оның ашықтығы және жер учаскелерін беру жөнінде қабылданған шешімдерден хабардар болмауы мәселелері шешіледі. 

Жүйе енгізілгенге дейін ЖТҚ үшін жер учаскесін алу үшін кезекке тұру үшін қазақстандықтар жергілікті атқарушы органдарға жүгінді. Бұл ретте жерді тек өз өңірінен ғана таңдай алатын, ал кезекте тұрғандардың тізімі әкімдіктерде сақталған.

Енді кезек электронды, ашық және барлығына қол жетімді болады. Қазақстандықтар жер теліміне үміткер бола алады, өз кезегінің қозғалысын бақылай алады және тіркелген жеріне қарамастан кез келген өңірді таңдай алады.

Қызметті egov.kz порталына кіру арқылы пайдалануға болады. «Жылжымайтын мүлік» бөліміне кіріп, «Жер қатынастары» бөлімін таңдап, оның ішінде «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекке қою немесе қарау» (10 сотық жер)  қызметін таңдау қажет.

Нәтижесінде кезекке қою туралы куәлік немесе дәлелді бас тарту беріледі.

«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын» ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» АҚ және әкімдіктердің ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесінде құру мүмкін болды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.