Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін кім бақылайды?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жанында консультативтік-кеңесші орган – Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы (ВЖТ) жұмыс істейді.
Бұл топтың мақсаты – өміріміздің барлық салаларындағы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылауды қамтамасыз ету, азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, халықтың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын оңайландыру үшін мемлекеттік органдардың, азаматтық сектор өкілдерінің, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың, қоғам қайраткерлері мен халықтың күш-жігерін біріктіру.
Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан басқа қоғамдық ұйымдардың өкілдері және Ақмола облыстық мәслихатының депутаты бар.
Қызмет көрсету саласында түрлі проблемалық мәселелер анықталған жағдайда ведомствоаралық жұмыс тобы мемлекеттік органдарға осындай кемшіліктерді немесе бұзушылықтарды жою және болдырмау жөнінде тиісті ұсынымдар енгізеді, мемлекеттік органдар басшыларының, жауапты лауазымды тұлғалардың есептерін тыңдайды. Өткен жылы мемлекеттік органдар ведомствоаралық жұмыс тобының 32 ұсынымын орындады.
Жұмыс тобының қызметіне, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға қатысты сұрақтар немесе ұсыныстар туындаған жағдайда, Сіз 8 716 2 51 81 33 байланыс нөмірі бойынша хабарласа аласыз.
[xfvalue_img]
7 пікір