ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША  ШАРДАРА АУДАНДЫҚ  ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ШАРДАРА АУДАНДЫҚ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІ

Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі.

  Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Содан бері 30 жыл уақыт зымырып өте шықты. Тәуелсіздік деген қандай керемет сөз. Алайда, қазақ елінің тәуелсіздікке қол жеткізуі оңайға соққан жоқ. Қылышынан қан тамған коммунисттік партияның солақай саясатының арқасында кешегі өткен биліктің тұсында ұлт саясаты ақсап, сөз бостандығы жабық болды, шетелдерде болып жатқан өркениетті өзгерістер жайлы бізге керісінше түсіндірілді. Осы тәуелсіздік жылдары қаншама ұмыт қалған ата-бабаларымыздың, ұлт тұлғаларымыздың аты қайта тіріліп, ортамызға қайтып келді. Тарихымыздағы ақтаңдақтар жойылып, өткен өмірімізге жаңа көзқараспен  бастадық.

          Сонымен қатар Қазақстанды, оның экономикалық және мәдени қарым-қабілетін, басшылық рөлін әлемге танытуда еліміздің Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіміз тарихи оқиға болып табылады. Ал осы жылдары қылмыстық-атқару жүйесі де қарыштап алға басты. Бұл салада да өркениетті елдер қатарын бетке алдық. Сүрінбейтін тұяқ жоқ деген тәмсіл бар. Айдың-күннің аманында қылмыскер атанып, темір торға қамалған адамдардың бас бостандығы шектелсе де, адамдық қадір қасиетіне нұсқан келтіруге ешкімге құқық берілмеген. Қайта олардың түзелу жолына түсіп. Қоғамға толыққанды азамат ретінде қайтарылуын басты назарда ұстау қажет. Ізгілендіруді қылмыскерлерге жасалған жеңілдіктер емес, қылмыстық жазаларды оңтайландыру деп ұққанымыз жөн. Сол үшін жеңіл және орта ауырлықтағы қылмысқа ұрынғандарды қамай бермей, қоғам шеккен зиянның орнын толтыру жағы көзделіп отыр.

          Міне тағы айта кетерлік жақсы жағдайлардың бірі тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай үлкен рақымшылық болып. Шардара аудандық пробация бөлімінде 21 сотталған азаматқа қатысты рақымшылық жасау қолданылып, кәзіргі таңда 8 сотталған азамат жазадан босатылды, Жазасының 3/1 қысқарған 10 сотталған азамат, Жазасының 5/1 қысқарған 3 сотталған азамат.  Біз осылай қазығы берік мемлекеттігі бекем қазақ елінің айбынын асырдық. Осының барлығы тәубе етер Тәуелсіздіктің арқасы.

Шардара аудандық ПҚБ-нің аға инспекторы әділет капитаны      

Н.А.Қасымбеков

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.