Жамбыл облысында бір күнде бес білім нысаны пайдалануға берілді

Жамбыл облысында бір күнде бес білім нысаны пайдалануға берілді

Жамбыл облысында 3 жаңа мектеп пен 2 білім нысанының қосымша ғимараты пайдалануға берілді.

Тараз қаласы «Шалғай қарасу» алқабындағы 600 орынды жаңа мектептің құрылысы жергілікті тұрғындардың өтінішіне сәйкес жүзеге асып отыр. Жобалық құны 2,1 млрд. теңгені құрайтын нысанды мердігер – «ТемірСтройСервис» ЖШС салған.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ата-аналар мен оқушыларды қуанышымен құттықтады.

- Әрбір елдің болашағы, дамуы – оның білімді, саналы, денсаулығы мықты жастарына байланысты. Біздің елімізде осыған айрықша ден қойылған. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген10 Ұлттық жобада да бұл бағытқа баса назар аударылған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облысымызда көптеген әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Соңғы екі жылдың өзінде өңірімізде 41 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Биыл 24 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде жеті жекеменшік білім ордасы бой көтереді. Нәтижесінде, облысымыздағы апатты жағдайдағы, үш ауысымды, орын тапшылығы бар мектептердің мәселесі шешілмек.

Мұның бәрі оқушылардың жайлы жағдайда, сапалы білім алуы үшін жасалуда. Өз кезегінде балаларымыз да тәрбиелі, білімді болып бой түзеуі керек. Оған мектептегі педагогтармен қатар ата-аналар да атсалысуы тиіс,- деді аймақ басшысы.

Аталған оқу ордасында 700-ден астам бала білім алатын болады. Нысан модификациялық кабинеттермен, 200 орындық асхана, 130 орындық мәжіліс залы және кең спорт залмен қамтылған. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес мектептің ішкі және сыртқы безендірілуінің мазмұнына айрықша назар аударылуда.

- Жаңа мектеп біздің алқап тұрғындары үшін тамаша тарту болды. Бұған дейін балаларымыз жан-жаққа сабылып, автобуспен тасымалданып алыс мектептерде оқыған еді. Енді, міне, үйіміздің қасындағы зәулім, заманауи оқу ордасында білім алатын болады. Бұл үшін Мемлекет және облыс басшылығына деген ризашылығымызды жеткізгім келеді,- дейді ата-аналар атынан сөз алған тұрғын Кішкенбай Айтбаев.

Байзақ ауданы Жібек жолы ауылындағы 150 орындық жаңа мектеп небәрі 4 айда пайдалануға беріліп отыр. Өткен жылдың қыркүйек айында басталған құрылыс  жұмыстарын мердігер «Сырым Белеке» ЖШС бүгінде толығымен аяқтаған.

Еске сала кетейік, өткен жылы тамыз айының соңында Байзақ ауданында орын алған төтенше жағдай салдарынан аталған №5 ескі мектептің ғимараты мүлде жарамсыз күйге түскен болатын. Оның орнына жаңа білім нысанын салу туралы шешім қабылданып, Мемлекет басшылығының тапсырмасына сәйкес құрылыс барысы облыс әкімінің жеке бақылауында болды.

- Барынша қысқа мерзімде осындай жайлы, сапалы ғимарат салып берген құрылысшыларға рахметімізді айтамыз. Мұның бәрі оқушылардың игілігіне арналады. Балалар – біздің болашағымыз десек, олардың тәрбиелі, білімді, озық ойлы болып өсуі маңызды. Енді мұндағы ауыл балалары мемлекет жасап отырған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, биіктен көрінуге күш салуы керек,-деді облыс әкімі.

Ауыл тұрғыны, қария Бейсен Жүргенбаев 4-ақ айдың ішінде жаңа мектеп салып берген мемлекет, облыс басшылығына ризашылығын жеткізді.

- Мен бұған дейін осындай қысқа мерзімде жаңа мектептің салынғанын көрмеппін. Жамбыл облысының тарихында 4 айда бұрын соңды мектеп салынбаған. Жаңа жылда балаларымыз жаңа мектепке барады дегенге алғашында ешкім сенбеген еді. Бірақ ол уәде орындалды. Аудандағы алдыңғы қатарлы мектеп біздің ауылымыздан бой көтерді. Бұл жіті бақылаудың, жүйелі жұмыстың нәтижесі деп білемін,- деді ол.

Бұл күн Шахан ауылының тұрғындары үшін де қуанышқа толы болды. Ауылдықтардың өтініші орындалып, бар-жоғы жеті айдың ішінде 100 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріліп отыр. Бұған дейін ескі мектепте оқыған оқушылар енді жаңа, жайлы, заманауи әрі сапалы салынған нысанда білім алмақ.

Облыс әкімі биыл мектепке келетін ауылішілік көшелер жөнделіп, жарықтандырылатынын айтты.

Сондай-ақ, Көкөзек ауылындағы Т. Ақбозов атындағы орта мектеп ғимаратына, Сарыкемер ауылындағы Байзақ колледжіне жанама салынған құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде оқу орындары кеңейтіліп, онда кең әрі жайлы спорт зал және асхана пайда болды. Бұл мұнда білім алушылардың уақыттарын тиімді өткізуге, спортен жүйелі түрде шұғылдануына зор мүмкіндік беруде.

Облыс әкімі жаңадан ашылған нысандардың мәжіліс залдарында  жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың өтініштерін, ой-пікірлерін тыңдады.

- Соңғы кездегі оқиғалар ешкімге оңай болған жоқ. Дегенмен, біз Мемлекет басшысының нақты міндеттері мен шешімдерінің арқасында қиындықтарды еңсере білдік. Қазір жағдай тұрақталды.

Алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктерге жол бермес үшін, қоғамдық келісімге, ұрпақ тәрбиесіне айрықша назар аударуымыз керек. Балаларымыздың тәрбиесіне мұғалімдермен қатар үйдегі ата-ана да барынша атсалысқаны абзал. Әркім өз балаларын қадағалап отыру керек.  

«Бейбітшілік бар жерде – береке бар» екенін естен шығармайық,-деген Бердібек Сапарбаев ауылдықтарды бірлікке, ел игілігі жолында жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

Облыс әкімінің Байзақ ауданындағы жұмыс сапары актив жиналысымен қорытындыланды. Жиында аудан әкімінен бастап құқық қорғау органдарының, салалық бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді.

- Ел Президентің халықтың тұрмыстық табысын арттыру, әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша жүктеген тапсырмаларын нәтижелі орындауға күш салу керекпіз. Жергілікті тұрғындармен жиі кездесіп, олардың өтініштеріне құлақ асып отыру маңызды,-деген аймақ басшысы коронавирустық инфекцияның қайта өршіп келе жатқанын айтып, жауапты тұлғаларға санитарлық талаптарды сақтау, ревакцинациялау шараларын күшейту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл облысы әкімідігінің баспасөз хатшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.