Сауалнамаға қатысқан мемлекеттік қызметшілердің 97,9% тәлімгерліктің тиімділігіне оң баға берді
Жастар әрқашан қоғамның әлдеқайда белсенді, жасампаз бөлігі болатын, сондықтан да мемлекеттік қызметте жас мамандарға ерекше көңіл бөлініп, оларға жылдам бейімделу үшін сынақ мерзімі кезеңінде тәлімгерлер тағайындалады.
Тәлімгерлік мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған жас мамандарды бейімдеу мен оқытудың сыннан өткен әрі тиімді әдісі ретінде танылып үлгерді. Осы мамандармен сапалы кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті онлайн-сауалнама өткізді.
Сауалнамаға 95 адам қатысты, олардың 68,4% сауалнамаға қатысу кезінде сынақ мерзімінен сәтті өткендер болды.
Сауалнама нәтижесіне сәйкес, жас мамандардың 97,9% тәлімгерлік институтының тиімділігіне оң баға берді. Сұралғандардың жауаптары бойынша, тәлімгерлер оларға кәсіби бейімделуге көмектесіп, әдістемелік және тәжірибелік қолдау көрсетті. Респонденттердің 96,8% мемлекеттік қызметтегі жұмысын одан әрі жалғастыруды жоспарлап отыр.
Тәлімгерлік институты жас мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттырудың қозғаушы күші. Жыл басынан бері 125 жас маман тәлімгерлікпен қамтылды.
[xfvalue_img]