Шаруалардың мүдделерін қозғайтын бірде-бір құжат кең талқылаудан өтпей қабылданбайды - ҚР АШМ

Шаруалардың мүдделерін қозғайтын бірде-бір құжат кең талқылаудан өтпей қабылданбайды - ҚР АШМ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақтөбе қаласында өткен бейбіт шеруде көтерілген мәселелердің өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығын назарға ала отырып, ағымдағы жылдың қараша айында «Ақтөбе фермер орталығы қауымдастығынан» 2021-2025 жылдарға арналған АӨК ұлттық жобасын бекіту тәртібіне және 2021-2030 жылдарға арналған АӨК дамыту Тұжырымдамасын талқылауға, сондай-ақ ЖҚШ (жеке қосалқы шаруашылықтар) және кооперацияны дамыту туралы заң жобасының кейбір мәселелеріне қатысты сұрау түскенін хабарлайды.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, министрлік Ақтөбе фермер орталығы қауымдастығына қойылған барлық сұрақтарға негізделген және дәлелді жауап әзірлеп жіберді.

Осыған орайда, министрлік тұрақты негізде барлық мүдделі тараптармен диалогта екенін атап өтеді.

 Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»  атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында АӨК дамыту бойынша ұлттық жоба әзірлеуді тапсырды.

АӨК Ұлттық жобасын сапалы әзірлеу және пікірлердің барлық спектрін есепке алу үшін салалық жұмыс топтары құрылды (мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, қаржыландыру және т.б.). Олардың жұмысына ФАО (БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы) сарапшылары, ғылым, салалық одақтар мен қауымдастықтар өкілдері, сондай-ақ фермерлер тартылды.

 2020 жылғы қазан мен желтоқсан аралығындағы кезеңде күнделікті негізде жұмыс топтарының отырыстары өткізіліп, онда саланы дамытудың негізгі тәсілдері талқыланды.

Ұлттық жобаны талқылау «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында бірнеше рет өткізіліп, оған кәсіпкерлердің көпшілігі қатысты.   

Барлық талқылаулардың қорытындысы бойынша, АӨК дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері қалыптастырылды, олар өңірлермен, салалық одақтармен және қауымдастықтармен пысықталып, келісілді.

 Осылайша, АӨК дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба мемлекеттік органдардың, сондай-ақ мүдделі тараптардың, оның ішінде фермерлер одақтары мен қауымдастықтарының барлық ескертпелері мен ұсынымдарын ескере отырып әзірленді.

Министрлік азаматтық қоғам министрліктің әзірлеген шешімдеріне белсенді қатыса алатынына назар аударады. Шаруалардың мүдделерін қозғайтын бірде-бір құжат кең талқылаудан өтпей қабылданбайды.

Мәселен, 2021 жылғы 18 қарашада Қазақстанның Х Азаматтық форумы шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен, азаматтық белсенділермен кездесуі жоспарланып отыр, онда «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасының, ветеринария жүйесін реформалау мәселелері, сондай-ақ министрлік пен үкіметтік емес сектордың өзара іс-қимыл мәселелері қаралатын болады.

Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанында жұртшылықты тарта отырып, АӨК-нің өзекті мәселелерін шешу үшін ведомство мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының пәрменді құралына айналған Қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Жүйелі негізде көпшілік тыңдаулар өткізіледі, нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі бүгінгі күні субсидиялаудың барлық ақпараттық жүйелерін ҚР Үкіметінің басқа органдарының мемлекеттік деректер базасымен бір бірыңғай ресурсқа интеграциялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

2022 жылы субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесін енгізу жоспарланып отыр, ол көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ақы төлемей субсидия алу мәселесін шешуге, барлық субсидияларды ортақ ақпараттық жүйе базасында беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ әділ бөлу үшін жағдай жасалады. 

Сондай-ақ, бейбіт шеруге қатысушылардың барлық көтерілген мәселелері, ұсыныстары мен ескертулері назарға алынып, Ауыл шаруашылығы министрлігімен мұқият қаралатын болады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив