Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» клубтарының белсенді студенттері слет өткізді
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында Көкшетау қаласының Құрылыс-технологиялық колледжінің қабырғасында «Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубтарының слеті өтті.
Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшысы Арман Рахимов қатысып, студенттік ортада адамгершілік құндылықтарды ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.
«Академиялық адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды тәрбиелеуге өскелең ұрпақ ерекше көңіл бөледі. Осы тұрғыда жыл сайын слеттер ұйымдастырылады, онда өңірдегі оқушылар мен студенттер қатарындағы белсенді жастар өз жетістіктерін көрсетіп, тәжірибе және ақпарат алмасады. Бүгінгі іс - шараға қатысушылар өздері үшін көптеген жаңа және пайдалы дүниелерді игере отырып, алдағы уақытта парасатты қоғамды қалыптастыруға өз үлестерін қоса беретініне сенімдімін», - деді Арман Рахимов.
Конкурстың 3 кезеңінен өту үшін командалар клубтардың визит карточкаларын ұсынды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша зияткерлік викторинаға қатысты, сондай-ақ парасаттылықты қалыптастыру бойынша жобаларды Pecha-Kucha форматында ұсынды.
Слет қорытындысы бойынша жеңімпаздар жарияланды, сондай-ақ, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Айта кетейік, өңірде барлығы 32 «Саналы ұрпақ» студенттік клубы және 551 «Адал ұрпақ» мектеп клубы жұмыс істейді, олардың мақсаты жас ұрпақты рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады.
[xfvalue_img]