Елорданың «Парасат жолы» орталықтарында тұрақты түрде кездесу ұйымдастырылуда
«Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған тағы бір жоба.
«Парасат жолы» Орталығының негізінде жастардың танымал ақын-жазушылармен, ғалымдармен, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен кездесулері өткізіледі. Бұл жастар мен ғалымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тиімді шешімдер әзірлеу жөніндегі жұмысқа тарту үшін бірегей алаңына айналды. Сонымен қатар, орталықтың ашылуы азаматтық қоғамның түрлі өкілдері арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді алаңына айналады.
Елорданың барлық кітапханаларында «Парасат жолы» орталықтары ашылып, әрбір орталықтарда көрмелер ұйымдастырылып өз жұмыстарын белсенді түрде атқарып келеді.
Көрменің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық іс-қимыл тәсілдері туралы білімді насихаттау. Көрме материалдары Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік туралы әңгімелейді, өйткені бүгінде онымен тиімді күресуді барша адамзаттың жауапкершілігінсіз іске асыру мүмкін емес. Жәдігерлер сонымен қатар сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған шаралар жүйесімен таныстырады, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік және бұл құбылыс салдарының әлеуметтік қауіптілігі туралы баяндайды.
Қаламыздың кітапханаларында құрылған әрбір парасат орталықтарында халыққа белгілі қаламгерлермен кездесу тұрақты негізде өткізіліп отырады.
Сондай кездесулердің бірі, бүгін « Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі » КММ Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар әдебиеті - ұлттық рухтың қағызы» деп жүрген жазушылармен кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты 2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл , алғашқы ұстаз , қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, этнограф, қоғамтанушы Ыбырай Алтынсаринге180 жыл толуына орай, балалар әдебиетіне қалам тербеп жүрген қандай жазушылар бар, олардың шығармаларымен және басылымға шыққан жаңа кітаптарымен таныстыру болды.
Кездесу қонақтары елімізге белгілі тұлғалар:
Қанат Қайым – жазушы баспагер «Қазақстан пионері» газетінің бөлім меңгерушісі, «Қазақ радиосында» редактор, Республикалық «Астана-Бәйтерек», халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің жүлдегері
Сәуле Досжан жазушы, халықаралық конкурстардың лауреаты, Жазушылар одағының мүшесі.
Рустем Сауытбай Қазақ тілінде жазылған алғашқы қазақстандық фэнтези сериясының авторы.
Зауре Туреханова «Алтын Тобылғы – 2017» әдебиет премиясының «Үздік балалар шығармасы» номинациясы лауреаты.
Кездесу өте мазмұнды, ақпаратты толы болып өтті. Оқырмандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
[xfvalue_img]