Түзеу мекемелерінде соттың үкімімен бекітілген берешектің 76 млн 296 мың 200 теңгесі өндірілді
Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ мекемелерінің өндіріс объектілерін жалға алған, 13 шағын және орта бизнес субъектілері сотталған азаматарды ақылы жұмыспен қамтуда. Бұл өз кезегінде сотпен бекітілген берешекті төлеуге үлкен ықпал жасауда.
Осыны ескерген, Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ мекемелерінің басшылары, бірінші кезекте атқару парағы бар сотталған азаматтарды ақылы жұмысқа орналастырады, соның нәтижесінде 2021 жылдың 9-айында, жұмыс жасайтын берешегі бар 241 сотталғанның жалақысынан атқару парақтарына сәйкес, 20 млн 527 мың теңге берешегі ұсталынса, сотталғандармен түсіндірмелі жұмыстар жүргізудің нәтижесіндеп өз еріктерімен 55 млн 769 мың 200 теңге берешегі төленді. Бұл өз кезегінде, сотталғандар тарапынан келтірілген зиянды өтеу және Соттың белгілеген үкімін орындау болып табылады.
[xfvalue_img]
20 пікір