Балалардың заңды өкілдерінің тиісті түрде ата-ана міндеттерін орындауы және олардың орындамаудың салдары

Балалардың заңды өкілдерінің тиісті түрде ата-ана міндеттерін орындауы және олардың орындамаудың салдары

Жамбыл облысы білім басқармасының ғимаратында ювеналды соттың төрағасы Е.М.Дүйсенбаевтың, Жамбыл облысы білім басқармасының өкілдерінің, қалалық білім бөлімдерінің өкілдерінің қатысуымен онлайн режимде «Ата-ана құқығынан айыру және шектеу, балалармен кездесу уақыты мен тәртібін анықтау, балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы азаматтық істерді қарау сот тәжірибесі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

         Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Т.С.Жамалов іс-шараны аша отырып, кәмелетке толмаған балалардың, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, асырап алуға мұқтаж, қорғаншылықтағы және патронаттық тәрбиедегі балалардың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру қағидалары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленгенін айтты.

Ювеналды соттың төрағасы Е.М.Дүйсенбаев балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезінде сотпен татуластыру рәсімдері жүргізіліп жатқандығы туралы айтты. Сонымен қатар, Ювеналды сотпен ағымдағы жылдың 9 айында балалардың тұрғылықты жерін анықтау және кәмелетке толмаған балаларымен кездесу уақытын белгілеу туралы істердің статистикалық мәліметтеріне тоқталып өтті.

Бұдан бөлек, аудандық және қалалық қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен ата-ана құқығынан айыру және шектеу туралы талап арыздармен сотқа жүгінгенін айтып өтті. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 9 айында ата-ана құқығынан айыру және шектеу туралы 109 азаматтық істер қаралып, оның ішінде 29 талап арыз Тараз қаласы мен Жамбыл облысы аудандарының қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдерімен талап арыздар  берілгендігін айтып өтті.

Кездесу барысында сот төрағасы облыстың қорғаншылық және қамқоршылық органдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

         Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.