Сарбаздармен кездесу өтті
2021 жылғы 19 қазанда Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры Ж.Есмаханов пен кадр саясаты тобының инспекторы әділет майоры А.Беркінбеков ҚР Ұлттық Ұланы 5547 әскери бөлімінде сарбаздармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында әділет майоры Жалғас Есмаханов Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарына жұмысқа қабылдау ережелерін, шарттарын, ІІО-дағы қызметтің артықшылықтарын және қызметкрелерге қойылатын талаптарды түсіндіріп өтті. Сонымен қатар қызметкерлерге тұрғын үй төлемдері жүргізілетіндігін, ІІО-дағы медициналық қамтамасыз ету, нысанды киіммен қамтамасыз ету жөнінде толық ақпарат берді. Мерзімді әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар арасында Ішкі істер органдарына қабылдау туралы толғандырып жүрген сұрақтарын қойып мамандардан тұщымды жауаптарын алды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
8 пікір