Парасатты отбасы – парасатты қоғам негізі
Қазақта «Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Шынында да әр азамат үшін Отан деген ұғымнан кейін отбасы тұрады. Отбасы Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, ортаға қосатын маңызды орта. Сондықтан қоғамның парасаттылығы, еліміздің Тәуелсіздігінің беріктігі тікелей отбасындағы тәрбиеге байланысты.
Осы орайда отбасындағы парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат-ойлы, парасатты, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен соңғы үш жыл қатарынан «Парасатты отбасы» байқауы өткізілуде.
Биылғы жылы да бұл игі бастама Шығыс Қазақстан облысында жалғастырылды. Байқауға 35 отбасы қатысып, әрбір отбасы жанұялық құндылықтарымен, бала бойында адалдық, парасаттылық қасиеттерін қалыптастыру бойынша пікірлерімен, отбасындағы береке мен бірліктің құпиясымен бөлісті.
Байқауға қатысушылар еңбектегі, оқудағы жетістіктер мен отбасылардың әдет-ғұрып, жөн-жоралғыларға қаншалықты мән беріп, бос уақытты тиімді пайдалану туралы пайдалы да өнегелі мәліметтерді ұсынатын бейнероликтер дайындады.
Нәтижесінде жанұялары туралы дайындаған бейнебаяндары үздік деп танылған келесі отбасылар жеңімпаз атанды:
Бас жүлдені Семей қаласынан Чурчутбаевтар отбасы, 1 орынды Абай ауданынан Мақұлбаевтар отбасы, 2 орынды Өскемен қаласынан Қасеновтар отбасы, Үржар ауданынан Пернебековтар отбасы, 3 орынды Жарма ауданынан Асығатбек ата отбасы, Курчатов қаласынан Жұмажановтар отбасы, Өскемен қаласынан Маликовтар отбасы иеленді.
Облыстық білім басқармасымен бірлесіп өткізілген шарада жүлделі орын алған жеңімпаздар ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының мадақтамасымен ағымдағы жылы қазан айында өткізілетін «Адал ұрпақ» слетінде марапатталады.
[xfvalue_img]
13 пікір