Бюджетке төленетін міндетті төлемнің, қате төленген салық сомасын қайтару.
Салық сомасының қате немесе қажетсіз төлемдерді төлеген салық төлеушілер, келесі көрсетілген жағдайлармен реттеледі:
- қате /артық төленген, бюджетке төленетін, айыппұл төлемдерін ҚР ҚМ бұйрығымен бекітілген, белгілі үлгідегі Салықтық арыз бойынша (қосымша №15), қайтарылады. Арызды қолма қол тасымалдау (кеңсе арқылы) немесе салық төлеушінің кабинеті арқылы электронды түрде жіберуге болады.
- Салықтық емес түсімдер бойынша қате /артық төленген сомаларды қайтару, бюджет кірістеріне жауапты уәкілетті органның қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Салықтық емес түсімдерді қайтаруға байланысты арыз берген жағдайда, бюджет кірісіне өндірілген жауапты уәкілетті органның қорытындысы қажет.
- Қате не қажетсіз төленген салық сомасын, бюджетке төленетін, айыппұл төлемдерін, салық төлеушінің салық өтінішін берген мерзімінен бастап 10 жұмыс күн ішінде қайтарылады.
- Қате не қажетсіз төленген (өндірілген) салық сомасын , бюджетке төленетін, айыппұл төлемдерін қайтарылуы, егер де бюджет алдында қарызы болмаған жағдайда, салық өтініші негізінде, салық төлеушінің банктік есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының есепке алу және талдау болімі
[xfvalue_img]
7 пікір