ЭШФ немесе онлайн бақылау касса машинасының түбіртегі

ЭШФ немесе онлайн бақылау касса машинасының түбіртегі

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.

2022 жылдан бастап ҚҚС төлеушісіне жатпайтын салық төлеушілер 1000 АЕК-тен асатын шарттар бойынша ЭШФ-ның орынына алушының БСН / ЖСН көрсетілген бақылау касса машинасының түбіртегін бере алады.

2021 жылдың 1 сәуірінен бастап 1000 АЕК-тен асатын шарттар бойынша ҚҚС төлеушісіне жатпайтын салық төлеушілер, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сату кезінде ЭШФ жазып беруі қажет. Бұл жағдайда ҚҚС төлеушісіне жатпайтын салық төлеушілерден сатып алынған тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге корпоративті табыс салығы бойынша шегерімдер ЭШФ-ны қосымша растауымен жүргізіледі.

Өз кезегінде, қабылданған Пилоттық жоба ережелеріне сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін 1000 АЕК-тен асатын шарттарға ҚҚС төлеушісіне жатпайтын салық төлеушілердің ЭШФ беру талаптары тоқтататылған. Сондай-ақ, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындарды 2021 жылға арналған корпоративті табыс салығы бойынша шегерімдерге алу үшін ЭШФ-мен растау талабы да уақытша тоқтатылды.

Осылайша, 2021 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін 1000 АЕК-тен асатын мәміле бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сату бойынша ҚҚС төлеушісіне жатпайтын салық төлеушілер ЭШФ жазып беруге міндетті емес, ал сатып алушыға 2021 жылы шығындарды шегерімдерге жатқызу үшін ЭШФ талап етілмейді.

Сонымен қатар, Салық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, егер корпоративті табыс салығы бойынша шегерімдерге жататын, ҚҚС төлеушісіне жатпайтын салық төлеушілер 1000 АЕК-тен асатын мәміле бойынша сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің шығындарын ЭШФ болмаса, сатып алушының БСН / ЖСН көрсетілген бақылау касса машинасының түбіртегі арқылы растауға болады.

Демек, 2022 жылдан бастап 1000 АЕК-тен асатын шарттар бойынша ҚҚС төлеушісіне жатпайтын салық төлеушілер ЭШФ жазуға немесе алушының БСН / ЖСН көрсетілген бақылау-касса машинасының түбіртегін беруге міндетті. Сәйкесінше, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындар корпоративті табыс салығы бойынша шегерімге жатқызу үшін сатып алушыда ЭШФ болуы немесе БСН / ЖСН көрсетілген бақылау касса машинасының түбіртегінің болуы тиіс.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.