Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қай моделі жақсы?
Бұл сұрақтың жауабын этномәдени бірлестіктердің жастар өкілдері арасындағы «Парасаттылық – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құрамдас бөлігі» дебат турнирінің қатысушылары іздеді.
Пікірталасқа екі команда – «Император» және «Қазақстанның болашағы үшін» қатысты, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді жүргізу бойынша өз идеяларын ұсынды.
Егер «Император» - үкіметтік командасының өкілдері қазылар алқасының мүшелеріне сана сезімге әсер ету арқылы неғұрлым жұмсақ тәсілдерді көздейтін «скандинавиялық» модельді жақтаса, оппозициялық «Қазақстанның болашағы үшін» командасы Сингапурда кеңінен пайдаланылатын неғұрлым қатаң модельді ұстану қажеттігін дәлелдеуге тырысты.
Нәтижесінде «Император» командасы жеңіске жетті.
Қазылар алқасының төрағасы, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин өз таңдауын түсіндіре келе, жеңісті оларға «скандинавиялық» модель көбірек ұнағаны үшін емес, балалардың өз ойларын шебер жеткізе білгендігі және барлық көкейкесті сұрақтарға толық жауап беріп, мемлекеттік басқару мәселелерінде нақты түсінігі бар болғандықтан берілгенін атап өтті.
«Ашық пікірталас – бұл ағартушылық жұмыстың, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріндегі тиімді құралдардың бірі. Бүгін сіздер сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушіліктің жоғары деңгейін көрсеттіңіздер. Халықтың мүддесіне адал қызмет ету қағидаттары сіздермен ересек өмірде де болады деп үміттенеміз», - деді Нұрлан Жахин.
Іс-шараны «Қоғамдық келісім» КММ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп, 2021 жылға арналған Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде ұйымдастырды.
[xfvalue_img]