Ақмола облысында мемлекеттік қызметтердің 91% - дан астамы электрондық форматта көрсетіледі

«Antikor.Live» жобасы аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында кезекті тікелей эфирде Облыс әкімі аппаратының мемлекеттiк қызметтердің ұсынылуын талдау бөлiмiнің басшысы Данагүл Жұмабек мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы айтып берді.

Спикердің ақпараты бойынша, Мемлекеттік қызметтер тізілімінде қарастырылған жергілікті атқарушы органдар көрсететін 172 қызмет түрінің 157-сі немесе 91,3% - ы Еgov порталы арқылы жүзеге асырылады.

«Мемлекеттік қызметтердің негізгі бөлігі тегін көрсетіледі, бұл шамамен 86%. Ақылы қызметтер тек рұқсат беру құжаттары бойынша жүзеге асырылады, сонымен қатар азаматтық хал актілеріне әсер етеді, осы жағдайларда мемлекеттік баж салығын төлеу қажет. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс - шаралар жоспары аясында мемлекеттік органдардың алдында «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау және оларды тиісті Тізілімге енгізу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді барынша цифрландыруды қамтамасыз ету міндеті тұр», - деді эфир қонағы.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша облыстық ЖАО қандай жұмыстар жүргізіп жатқанын айта келе, Данагүл Жұмабек қызмет көрсету кезінде қандай да бір бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында күн сайын мониторинг және бақылау жүргізілетінін атап өтті. Өткен кезеңде 111 бақылау іс-шарасы өткізілді, оның қорытындысы бойынша әртүрлі тәртіптік жазалар шығара отырып, 252 ұсыным әзірленді.

«Өңірдің әрбір тұрғынының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру біз үшін басым бағыт болып табылады. Осы тұрғыда, бүгінгі таңда облыстың барлық 19 өңірінде «сервистік әкімдіктер» жұмыс істейді, онда азаматтар қажетті мемлекеттік қызметтерді бір жерден ала алады. Сондай - ақ, ауылдық округтерде де халыққа қызмет көрсетудің «сервистік» форматына көшу жүзеге асырылуда», - деді спикер.

Сонымен қатар, Данагүл Жұмабектің айтуынша, ауылдық округ әкімдіктерінің ғимараттарында, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарында 1016-дан астам «Еgov.kz» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылып, жұмыс істеуде. ЖАО-ның құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі және азаматтардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын анықтамаларды талап етпеу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. «Egov Mobile» мобильдік қосымшасын пайдалану жөніндегі ақпарат 229 баннерде, сондай-ақ ЖАО-ның ресми интернет-ресурстарында орналастырылған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.