АШМ аусыл ауруымен күрес және оны жою мәселелері жөніндегі халықаралық кеңеске қатысты
2021 жылғы 17-18 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі аусылмен күрес және оны жою мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты. Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының және Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының қолдауымен, Батыс Еуразия өңірі үшін аусыл бойынша эпидемиологиялық және зертханалық желілердің отырысы аясында ұйымдастырылды.
Жиынға Ауғанстан, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің аусылмен күрес жүргізетін зертханалық және эпидемиологиялық мәселелер бойынша бас ветеринариялық инспекторлар және тағайындалған ұлттық үйлестірушілер, сондай-ақ, Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының өкілдері мен референттік зертханалардың өкілдері қатысты.
Аталған кеңес аясында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Г.Нұртазина Батыс Еуразияның аусыл бойынша Жол картасының қорытындылары мен өңірлік басымдықтары тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамада аусылды прогрессивті бақылау мақсатындағы еуразиялық елдер арасындағы өңірлік өзара кооперация аурудың 2025 жылға қарай клиникалық көрінісінен еркіндікке әкелетіні және бұл экономикалық дамуға және кедейлік деңгейін төмендетуге ықпал ететіні атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша аусылмен күрес бойынша негізгі басымдықтар айқындалды, сондай-ақ Батыс Еуразиядағы аусылды бақылау бойынша Жол картасына сәйкес қолайсыз елдер үшін әл-ауқат мәртебесін алу бойынша одан әрі қадамдар айқындалды.
Аусыл ауруы ең танымал жұқпалы вирустық аурулардың қатарына жатады және экономикалық, әлеуметтік және экологиялық апаттық салдарға әкелуі мүмкін.
[xfvalue_img]