СҚО-да жыл басынан 104 сотталған қоғамдық жұмыстарға тартылды
Бақылау, тексеру, сондай-ақ есепте тұрған және бұрын сотталған адамдарға көмек көрсету Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінің қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторларының күнделікті міндеттеріне кіреді. Погондағы адамдар, әрқайсысы өз учаскесінде аталған санаттағы азаматтармен жұмысқа ерекше көңіл бөледі. Ең бастысы – қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасаудың уақтылы алдын алу.
Ұсақ жымқыру, қаруды ұқыпсыз сақтау, заңсыз ағаш кесу – бұлар заңнамаға сәйкес түзеу және қоғамдық жұмыстар көзделген өзге қылмыстар мен құқық бұзушылықтар. СҚО бойынша ҚАЖД пробация қызметінде қоғамдық жұмыстар түрінде жазаға тартылған 19 адам есепте тұр. Жыл басынан пробация қызметінің есебінен 1925 сотталған өткен, оның 104-і қоғамдық жұмыстарға тартылған. 85 сотталған сот үкімімен тағайындалған -71 сағатты өтеуіне байланысты есептен шығарылған. Қоғамдық жұмыс барысында сотталғандар негізінен, абаттандыру бойынша жұмыстарды атқарады: қыста – қар тазалауға; жазда – көшелерді, саябақтарды, скверлерді тазартуға тартылып, көгалдандырумен айналысады. Төтенше жағдай кезінде – аялдама павильондары мен подъездерді дезинфекциялаумен айналысты.
Егер сотталғандар қоғамдық жұмыстан жалтарса – олардың теріс қылығы үшін одан да қатаң жаза қолданылатын болады.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]