Ақмола облысында мемлекеттік қызметке конкурстар бақылаушылардың қатысуымен өтуде
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес, белгілі бір жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін, сондай-ақ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Бүгінде байқаушыларға жасы он сегізден кем емес ҚР азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
2021 жылдың басынан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері конкурстық комиссиялардың 185 отырысына, оның ішінде аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарға конкурстар өткізу барысына қатысты.
Осылайша, конкурстық рәсімдердің барынша ашықтығы заңнамалық деңгейде қамтамасыз етілген. Мемлекеттік қызмет еліміздің әрбір азаматына қолжетімді және бүгінгі күні мансапты одан әрі дамыту үшін тамаша бастама болып табылады.
[xfvalue_img]