БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕГІ АШЫҚТЫҚ
«Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ басшысы Зейнеп Мақсұтова «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен тікелей эфирде Департаменттің ашық әрі қолжетімді екендігін мәлімдеді.
Сонымен қатар, Департаменттің негізгі міндеттері мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы мағлұмат берді.
«Біз өз құзыретіміз шеңберінде бақылау функцияларын атқарамыз және кешенді мониторингтік іс-шаралар жүргіземіз. Сондай-ақ, Департамент 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді: бұл білім беру қызметіне лицензия беру және білім туралы құжаттарға апостиль қою. Бүгін бізге педагогтердің құқықтарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар мен ұйымдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша өкілеттіктер берілді. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 409-бабы бойынша айыппұл салу нормалары енгізілді. Осы Заңды жүзеге асыру аясында Департамент 7 лауазымды тұлғаларға әкімшілік іс қозғады, салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы көлемі 300 мың теңгені құрады. Департамент өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика шараларын үнемі бақылауда ұстап, бекітілген жоспар бойынша жұмыстар атқаруда», - дейді Департамент басшысы.
Эфир соңында З. Мақсұтова Департаменттің ашық, қолжетімді әрі адал екендігін, Департамент пен халық арасында сындарлы диалог құру - негізгі міндет болып табылатынын жеткізді.
[xfvalue_img]