Көкшетауда «Үздік мемлекеттік қызметші» облыстық байқауының қорытындысы жарияланды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының қолдауымен мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында «Үздік мемлекеттік қызметші – 2021» облыстық конкурсын өткізді.
Байқау шарты бойынша қатысушылар мемлекеттік қызметтегі өз жұмысы, отбасы, қызығушылықтары, өмірлік құндылықтары мен кәсіби қасиеттері туралы бейнепрезентация дайындады. Сондай-ақ, қатысушылар түрлі шығармашылық жанрларда өздерін көрсете білген шығармашылық байқауда бақ сынасты. Байқаудың тағы бір шарты эссе жазу болды.
Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыру – бақылау секторының бас маманы Айтолқын Болотқызы «Үздік мемлекеттік қызметші - 2021"» байқауының жеңімпазы болып танылды.
«Үздік презентация» номинациясында Атбасар ауданы әкімі аппаратының ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Гүлдан Байкенова, «Өнерлі өрге жүзер» номинациясында Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Назира Шпанова, «Тәуелсіздік - мен үшін» тақырыбындағы үздік эссе» номинациясында Ақкөл аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Айжан Нөкербекова марапатталды.
Бұл іс-шара мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеруде ерекше маңызға ие, неғұрлым бастамашыл және талантты мемлекеттік қызметшілерді анықтауға және көтермелеуге ықпал етеді.
[xfvalue_img]
18 пікір