РУХАНИЯТ – ПАРАСАТТЫЛЫҚ НЕГІЗІ
«ANTIKOR.LIVE» бағдарламасы аясында «ANTIKOR ORTALYGY» алаңында дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Иманәліұлы Әлмұханов пен «Astana-adaldyq alany» жобалық кеңсесінің басшысы міндетін атқарушы Бақдәулет Жанділдаевтың қатысуымен «Руханият – парасаттылық негізі» тақырыбында тікелей эфир өтті.
Нұрдәулет Әлмұханов тыңдаушыларды қазіргі таңда елордада өз құзыреті шеңберінде 14 конфессия өкілдері бар діни бірлестіктермен өзара 54 діни бірлестік, 30 діни ғимарат жұмыс жасайтындығын хабарлады.
Спикер әкімдік жанынан құрылған діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңеспен ынтымақтастықтың ерекше рөлін атап өтті, ол азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді.
Қатысушылар сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтуға, оның туындау себептері мен жағдайларын жоюға тиімді алдын алу шараларын атап өтті, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша пікірлері айтылды.
Сөз соңында Нұрдәулет Иманәліұлы қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою үшін, сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, азаматтардың бойында пара беруге төзбеушілік көзқарасын тәрбиелеу қажеттігіне назар аударды.
[xfvalue_img]
19 пікір