Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Кеңесті ашқан Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Мемлекет басшысының коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі шаралар туралы кеңесте берген тапсырмасы бойынша ведомство жүргізген жұмыстың нәтижелерін ұсынды.
«Пандемиядан туындаған экономикалық қиындықтарға қарамастан, мемлекет карантиндік іс-шараларға жұмылдырылған денсаулық сақтау қызметкерлерін қаржылай қолдауға 179 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
Бұл қаражатты бөлу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жіті назарында», - деп атап өтті.
Агенттіктің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 4 өңірде медициналық үстемақы төлеу кезінде медициналық ұйымдардың лауазымды тұлғалары тарапынан (Шымкент қ., Алматы, Ақмола және Жамбыл облыстары) заңсыз іс-әрекеттер фактілері анықталды.
Кеңесте заңсыз төлемнің ең көп таралған қылмыстық схемалары және олардың құқықтық салдары айтылды.
Сондай-ақ аудиторияның назарына талдау барысында анықталған Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін факторлар ұсынылды.
Антикор пысықтаған материалдарды әкімдіктер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту үшін пайдаланатын болады.
[xfvalue_img]