СҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысы қарамағындағы қызметкерінің жемқорлығы үшін «сөгіс» алды

СҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысы қарамағындағы қызметкерінің жемқорлығы үшін «сөгіс» алды

Петропавлда «Antıkor ortalyǵy» алаңында СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Жарқын Ғалымовтың қатысуымен СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы Бөлімінің басшысына қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша ҚР ҚІЖК 200-бабы тәртібінде ұсыным қаралды.

Тергеу барысында 2020 жылдың шілдесінде Р.Б. Мағзұмовқа облыстың жеке кәсіпкері өңір аумағы бойынша салмақтық шектеулерден асып, 5 жүк автокөлік құралдарының кедергісіз қозғалуы жөніндегі мәселені шешу өтінішімен жүгінгені анықталды.

«Лауазымды тұлға өзі үшін заңсыз мүліктік пайда алу мақсатында кәсіпкерлік субъектісінен 5 жүк автокөлік құралдарының қозғалысы үшін, яғни бір автомашина үшін 100 000 теңгеден, сондай-ақ соңғысының пайдасына әрекетсіздік, яғни облыс аумағы бойынша жүк автокөлік құралдарының кедергісіз жүруіне жәрдем көрсету және жалпы қамқорлығы үшін 500 мың теңге мөлшерінде материалдық сыйақы талап етті», - деді Жарқын Ғалымов.

Сол жылдың шілде айында тікелей пара алғаннан кейін Р.Б. Мағзұмов Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерімен ұсталды.

«Мемлекеттік қызметші Петропавл қалалық сотының үкімімен а.ж. 19 наурызда ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі танылып, мемлекеттік қызметте, судьяда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтеу үшін 5 жыл бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлады Ғалымов.

Спикердің айтуынша, көліктік бақылау саласындағы қылмыстардың негізгі бөлігі парақорлық фактілері бойынша көлік құралдарын арнайы рұқсатсыз өткізгені және әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін жасалады (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 3-бөлігі бойынша, 200-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл).

Қарау қорытындысы бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны және ведомстволық бақылаудың жоқтығы үшін СҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысы СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынымы бойынша «сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.