Мекемеде «Қақпа алдында кездесу» шарасы өтті
Жазатайым немесе қасақана жағдайда қылмысқа барып, жазаға тартылған сотталған азаматтардың жаза мерзімін толық өтеп, темір тордан босатылғаннан кейін бостандықтағы өмірге сіңісіп, қоғамға қайта бейімделіп кетуі үшін «Қақпа алдында кездесу» жобасының маңызы зор.
Осы орайда, ЗК-169/4 мекемесінен бостандыққа шығуына 1 жыл қалған жазасын өтеушілерге «Қақпа алдында кездесу» шарасы өткізілді. Бұл іс-шараға қалалық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің маманы Ә.Жақсылық, қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының заңгері А.Адранов , қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Қ.Есжанов қатысты.
Жоба аясында мамандар әлеуметтік байланыстарды орнату, кәсіби білім алу, біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту, кепілді медициналық көмегін алу, құқықтық көмек, құжаттарын қайта қалпына келтіру бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіп, кеңестер берді. Жоба аясында қажетті ақпараттар алып, сауалдарына жауап алған сотталған азаматтар мекеме әкімшілігіне және сала мамандарына алғысын білдірді.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
[xfvalue_img]