ЕЛОРДАЛЫҚ «ANTIKOR ORTALYǴY» СЕРВИС ОРТАЛЫҒЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ

ЕЛОРДАЛЫҚ «ANTIKOR ORTALYǴY» СЕРВИС ОРТАЛЫҒЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ

Бүгін #ANTIKOR.LIVE жобасы аясында Нұр-сұлтан қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Алдабергенова мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов Денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы онлайн диалог өткізді.  

Тікелей эфирде Салтанат Алдабергенова медицина қызметкерлері арасында мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеуді реттейтін ҚР заңнамасын түсіндіру, парақорлық үшін жауапкершілікті күшейту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын айтты. 

Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үдерістерін оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізіледі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдаулардың қорытындылары бойынша ескертулерді жоюға бағытталған іс-шаралар жүргізіледі.

Сонымен қатар, ашық бюджеттердің интерактивті картасында – publicbudget.kz бөлінген бюджет қаражаты бойынша ақпарат ашық қолжетімді.

Бұдан басқа, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептер «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын Қоғамдық кеңестің отырыстарында тыңдалады.

Бюджет ашықтығының ағымдағы деңгейі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына толық көлемде сәйкес келеді деп ойлаймыз.

Кез келген азамат өзін қызықтыратын мәселе бойынша түсініктеме алу үшін елордалық Денсаулық сақтау мекемелері мен ұйымдарына жүгіне алады – деді ол.

Сонымен қатар, Салтанат Алдабергенова ағымдағы жылдың басынан бастап Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтері құрылғанын, оның негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылатынын, яғни бұл қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу бойынша функцияларды жүзеге асыратынын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі

Басқармада осы бағыт бойынша барлық мәселелерді әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімі жүзеге асырады және бақылайды.

Салтанат Алдабергенова әлеуметтік желі пайдаланушыларына парақорлық немесе қандай да бір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі бойынша азаматтар 55-69-85 сенім телефонына немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарласа алатынын хабарлады.

Сонымен қатар, ол мұндай фактілер анықталған жағдайда Басқарма оларды жою бойынша шаралар қолданатынын, сондай-ақ іс-қимыл алгоритмі туралы хабардар еткенін айтты.

Басқармамен мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында мемлекеттік органның uoz.astana.kz сайтында, анықтамалық сұрақтар үшін байланыс телефонын көрсете отырып, ағымдағы жылы сатып алуға жататын медициналық жабдықтардың алдын ала тізбесі орналастырылған.

Бұл шаралар мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы үшін қабылданады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.