"Matiza" көлігін ұрлау дерегі ашылды
Полицияға ағымдағы жылдың 20 наурызында облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны "Алматы-Ташкент" тас жолының 495- шақырымында "Керуен" демалыс аймағының жанында тұрған "Daewoo Matiz" маркалы автокөлігін ұрлап кеткені туралы хабарлаған.
Аталған дерекке қатысты Байзақ ауданының полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Тергеу барысында жәбірленушінің Тараздан Байзақ ауданына қарай екі жолаушыны жеке тасымалдаумен айналысқаны анықталды. Жолда жүргізуші қырағылықты жоғалтып, кілттерін от тұтату құлпына қалдырып, дүкенге кіріп кеткен. Жүргізушінің сенімін пайдаланып, жолаушылардың бірі көліктің руліне отырып, белгілі бағыт бойынша жүре берген.
Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрекетінің нәтижесінде, иесіз қалдырып кеткен көлік Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының маңынан табылды.
Тергеу барысында, ағымдағы жылдың 4 сәуірінде тәртіп сақшылары Байзақ ауданының 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Ұсталған адамның түсіндірмесіне сәйкес, жол жүру үшін көп ақша төлегісі келмегендіктен ұрлыққа барғанын айтты.
[xfvalue_img]