Бейнебақылау камералары балаларға қатысты бұзушылықтарды жедел анықтауға көмектеседі
Білім беру ұйымдарында бейнебақылау жүйелерін орнатқаннан кейін балаларға қатысты жасалған бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік туды. Жергілікті атқарушы және қорғаншылық органдары, қоғам белсенділері бейнекамералардағы жазбалар бойынша мониторинг жүргізіп, фактілері анықталған жағдайда бірігіп дабыл қағып, тиісті шаралар қолданады.
Бейнебақылау жүйелері меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік, сондай-ақ жекеменшік мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында орнатылған. Бүгінгі таңда еліміздегі балабақшалар мен мектептердің барлығы дерлік бейнекамералармен қамтамасыз етілген.
«Білім беру ұйымдарында орнатылған бейнекамералардың арқасында біз балалардың құқықтарын бұзу және оларға қатыгездік таныту фактілерін дер кезінде анықтап, жедел шара қолдана аламыз. Соңғы уақытта балаларға қатысты мұндай фактілер көбейген сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ ол олай емес. Шын мәнінде, мұндай жағдайлар туралы көпшілік орнатылған камералар арқылы біле бастады. Одан бөлек, қоғам өкілдерінің де бақылау жүргізіп, дабыл қағу мүмкіндігі арта түсті. Өткен жылдың өзінде балаларға қатысты 9 жағдай анықталды, негізінен бұл мектепке дейінгі мекемелердегі балаларға қатысты қатыгездік таныту фактілері. Қолда бар бейнежазбаларды пайдалана отырып, тиісті органдар балалардың құқықтарын қорғау бойынша жедел шешімдер қабылдап жатыр», – деді ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.
ҚР БҒМ баспасөз қызметі
[xfvalue_img]