Зиянкестер Windows-пен байланысты мәселелерді қолдан жасап, пайдаланушыларды алдау арқылы оларға қайта қоңырау шалуға мәжбүр етеді

Зиянкестер Windows-пен байланысты мәселелерді қолдан жасап, пайдаланушыларды алдау арқылы оларға қайта қоңырау шалуға мәжбүр етеді

Қыркүйек айында «Kaspersky»-дің сарапшылары бүкіл әлем бойынша пайдаланушылардың Microsoft * өнімдерінің тақырыбын пайдаланатын фишингтік ресурстарға өтуінің 600 мыңға жуық әрекетті тіркеді. Кейбір сайттарда пайдаланушыларға Windows 10 немесе Windows 11 операциялық жүйесін жүктеу ұсынылды. Басқаларында зиянкестер Microsoft қызметтерінде, соның ішінде Outlook бағдарламасында тіркелгіге кіру деректерін — электрондық пошта мекенжайы мен құпия сөзді біліп алуға тырысты. Егер адам бұл деректерді жалған ресурсқа енгізсе, олар зиянкестердің қолдарына түседі.

Зиянкестер сонымен қатар вишинг - дауыстық фишингті пайдаланады, яғни адамды көрсетілген нөмірге қоңырау шалуға итермелейді. Егер жәбірленуші қақпанға түсіп, қайта қоңырау шалса, олар оны қолға түсіруге тырысады. Әдетте, алаяқтар құпия деректерді біліп алуға немесе ақшаны көрсетілген деректемелерге аударуға немесе ықтимал қауіпті БҚ орнатуға көндіруге тырысады. Схемалардың бірі келесідей болды: адам күмәнді ресурсқа кірді немесе спам-хаттан оған қайта бағытталды, кенеттен экранда «Windows күдікті әрекетке байланысты бұғатталды» деген хабарламасы бар баннер пайда болды. Пайдаланушының құрылғысында қауіп - тыңшы трояндық анықталғандай жағдай жасалады. Сол хабарламада адамнан «компьютердің толық істен шығуын» болдырмау үшін көрсетілген телефон арқылы техникалық қолдауға дереу хабарласуды сұрады. Шындығында, алаяқтар баннерді толық экран режимінде көрсетті. Осылайша олар адамды компьютердің шынымен бұғатталып қалғанына сендіруге тырысты. Алаяқтық схема орыс тілді аудиторияға бағытталған. Компания сарапшылары ТМД-ның әртүрлі елдеріндегі, соның ішінде Қазақстандағы пайдаланушылар зиянкестердің әрекеттерімен бетпе-бет келуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

«Зиянкестер танымал брендтер мен жаңалықтар күн тәртібін жиі пайдаланады, олардың өмірін жеңілдетпеу маңызды.  Поштадан, мессенджерлердегі хабарламалардан және SMS-тен күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз. Есіңізде болсын, егер интернеттегі ұсыныс шындыққа жанаспайтын болса, онда бұл алаяқтық болуы мүмкін. Егер сізді қорқытып және тез арада бірдеңе жасауды талап етсе, мысалы, сілтемеге өтіп, тексерілмеген сайтқа өз деректеріңізді енгізуді, телефон арқылы қоңырау шалуды сұраса, мұндай хабарламаларға күдікпен қараңыз. Үшінші тұлғаларға құпия ақпаратты, соның ішінде SMS және push-хабарламалардан бір реттік кодты бермеңіз, бөгде адамдардың өтініші бойынша бағдарламаларды орнатпаңыз. Фишингке немесе скам сайтына кіруге кедергі келтіретін сенімді қорғаныс шешімін қолданыңыз»,-деп түсіндіреді Ольга Свистунова, «Kaspersky»-дің контент-талдаумашысы.

* 2022 жылғы қыркүйектегі «Kaspersky» шешімдерінің іске қосылуы негізіндегі  жасырын деректер.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

124 пікір

  1. аватар
    Suzette 1 ноября 2026 08:20

    Gerade wenn Sie ein mobiles Casino auswählen, das wir Ihnen hier empfehlen, können Sie sicher sein, dass Sie den vollen Spielspaß, den Sie aus den Online Casinos für Ihren PC kennen, auch unterwegs
    genießen werden. Da kein Download erforderlich ist, können Sie sich von jedem Computer, Handy oder Tablet aus anmelden und
    können Ihre Lieblingsspiele sowohl im Mobile echtgeld casino sofortüberweisung als
    auch in der Desktop Variante genießen. Melden Sie sich heute gleich an und finden Sie heraus,
    wieviel Spaß das mobile Casino Spiel macht! Wie viele andere Deutsche sind auch Sie sicher sehr beschäftigt und haben viel um die Ohren. Ihnen stehen auch viele
    andere Casinospiele wie Roulette, Baccarat, Craps, Keno usw.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.